05 Желтоқсан, 2016

Италия премьері отставкаға кетеді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
renzi-m

Фото ЕПА

Италияның Премьер-Министрі Маттео Ренци парламенттік реформа жөніндегі референдум нәтижесі бойынша жеңілгенін мойындап, отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ВВС Mews хабарлады. Дауыстар әлі саналып болған жоқ, бірақ қазірдің өзінде сайлаушылардың көпшілігі реформаларға қарсы дауыс бергені анық болып отыр деді Ренци. Ол реформалар қабылданбаған жағдайда отставкаға кетуге уәде берген болатын. Ренци жеңіліс үшін жауапкершілікті толықтай өз мойнына алып, референдумда жеңген оппоненттерді өз ұсыныстарын дайындауға шақырды. Маттео Ренци 2,5 жылдан бері премьер-министр қызметін атқарып келеді.