Президенттік мәдениет орталығының көрме залында дәстүрлі Қытай гравюрасы көрмесінің ашылуы өтті. Оған Мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев, Президенттік мәдениет орталығының директоры, профессор Мырзатай Жолдасбеков, Қытай Халық Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Ли, сондай-ақ көрмені тамашалауға келген жалпы жұртшылық қатысты.
Президенттік мәдениет орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл көрмеге қытай халқының байлығы мен дәстүрлік тереңдігін көрсететін няньхуа гравюраларының жүзге жуық түрі қойылған. Олардың ішінде – «Перзенттік парыздың орындалуы», «Ұл баланың 24 ісі», «Он кемшілік», «Жауыздың картасы» сынды дүниелер бар.
Мазмұнына қарай гравюралар (няньхуалар) тақырыптық топтарға бөлінеді. Бір тобын әдеби шығармалардың, аңыз-миф сюжеттерінің картиналары мен театральдық няньхуалар құраса, енді бірін діни және символдық ізгі-тілектер жазылған сюжеттер толықтырады. Сондай-ақ, тұрмыстық мазмұндағы өсиеттерге құрылған няньхуалар мен пейзаждық және сәндік картиналар тақырыпты аша түскендей.
Қытайда жаңа жыл орта ғасырлардан бастап кеңінен аталып жүрген ең сүйікті мереке болып саналады. Мереке қарсаңында үйлер түрлі тақырыптағы картиналармен безендіріледі екен. Алайда олардың бастапқы мағынасы ізгі тілек тілеу-тін. Сондықтан да гравюраның бұл ерекше жанры «жаңа жылдық картиналар» деген атауға ие болыпты.
Бір айта кететін жайт, гравюра жасайтындар өз шеберліктерін атадан балаға, бір буыннан екіншісіне бере отырып, үнемі жетілдіріп отырған.
Қытай гравюраларымен жақынырақ танысамын деген әлеумет көрмені 25 қыркүйекке дейін келіп тамашалай алады.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ.

«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады
Партия • Бүгін, 12:52
Курьерлік қызмет еңбек нарығына қалай әсер етті?
Қоғам • Бүгін, 12:49
«Елімай» – «Ордабасы» матчын жүргізген төреші Астана әуежайында ұсталды
Футбол • Бүгін, 12:44
Астанадағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 12:38
Балқаш қаласында зейнеткер қызынан ай сайын алимент алғысы келген
Оқиға • Бүгін, 12:27
Ел тұрғындарының әл-ауқаты артты ма? Ғалымдар не дейді?
Қоғам • Бүгін, 12:15
Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33