Аталған шараның басталуына байланысты оқу орталығының алаңында Қазақстан Қарулы Күштері мен Ресей жағынан жаттығуға қатысатын 3,5 мыңға жуық жеке құрам салтанатты сап түзеді. Қатысушы елдердің әнұраны орындалып, мемлекеттік жалаулары көтерілді. Жаттығу жетекшісі М.Майкеев шара екі ел арасындағы серіктестіктің дамуына, өзара іс-қимылды жетілдіре түсуге, әскери салада байланысты нығайтуға жаңаша қозғау салатындығын атап көрсетті.
Өздеріне қойылған тапсырманы орындауға әзір әскери қызметшілер салтанатпен сап түзеп өтті. Жеке құрам қорғаныс операцияларын орындау, жағдайды өрістету жөніндегі кешенді шараларды орындауға әзір екені анық байқалды. Сөйтіп, «Оймаша» полигонында Қазақстан Қарулы Күштері мен Ресей жағынан 550-ден астам әскери техника, 19 ұшақ және 43 кеменің қатысуымен бірлескен жауынгерлік жаттығулар бастау алды.
Жаттығудың алғашқы кезеңінде бөлімдер негізгі ауданда орналасады және белгіленген уақытта бір мезгілде шартты түрдегі жауды жойып жіберу үшін алдыңғы шепте шабуылдау әдістерін орындайды, сондай-ақ өзара-іс-қимыл мен байланысты пысықтайды. Ең бастысы – ұрыс даласында Қазақстан мен Ресей әскерлерінің іс жүзінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара бірлесе іс-қимыл танытуы болмақ.
Жаттығудың негізгі арқауы немесе мәні Орталық Азия аймағында оқиғалар орын алған жағдайда, оған қатысу үшін Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен коалициялық әскер тобын (күштерін) құру болып табылады.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.
Суреттерді түсірген Роман КАЗУНИН.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше