«Сарыарқа» ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі Күлән Ыдырысова отыздан аса ансамбльдер өзара бақ сынасқан айтулы додада бірінші орынға ие болған ұжымның қуанышын бізбен бөлісуге арнайы атбасын бұрған екен. Бұл жаңалыққа біз де елең етістік. Фестиваль, байқау дегеніңіз, қазір қай қалаға барсаңыз да бір емес, бірнешеуі алдыңыздан кезігеді. Классикалық, эстрадалық, дәстүрлі әншілер байқауы дегендей, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдарда дүниеге келіп жатқан қаншама жарыстарға куәміз. Бірақ сол егемендік алғаннан кейін халқымыздың жоғын жоқтап, барын түгендейтін бір асыл қазынасы, інжу-маржаны бар болса, ол осы сазы сан нақышты музыкалық аспаптары еді. «Игіліктің ерте, кеші жоқ» демекші, сондай қуанышты сәтке мерейіміз тасып отыр бүгін. Оңтүстік астана өзінің рухани орталық екенін тағы бір ізгі бастамасымен дәлелдеп шықты. Жер-жердегі фольклорлық-этнографиялық ұжымдарды іздестіріп, өнерлерін насихаттауға көшті. Осы қазақтан дәл қазір халқымыздың нарқобыз, жезқобыз, адырна, сазген, шертер, жетіген, сазсырнай сияқты толып жатқан дәстүрлі музыкалық аспаптарының түрі, үні қандай болады деп сұрасаңыз, кез-келгенінің мүдірмей айтып беретініне күмәніміз бар. Бір білсек, домбыра мен қобызды, сырнай мен сыбызғыны білерміз, ал одан да басқа небір әуезі айшықты аспаптарымыз бар екенін енді мұнан былай өзіміз бағаламасақ, қазақ деген атымызға үлкен сын болғалы тұр. Халқымыздың қастерлі де қасиетті аспаптарын тұңғыш рет дәріптеп отырған ұлттық жобаның Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына лайықты тарту болып саналатыны сондықтан.
– Байырғы музыкалық аспапты бағалау, дәстүрлі музыкалық аспапта орындаушыларды қолдау, құрметтеу, жастардың ұлттық өнерге қызығушылығын ояту мақсатындағы өнер додасы алдағы уақытта ұлт-аспаптар ансамбльдерінің толағай жетістігі мен шығармашылық ізденістерін мұнан да биік дәрежеде көрсете беруіне тілектеспіз, – дейді ансамбльдің жетекшісі Күлән Жұмашқызы. – 1998 жылы қалалық филармонияның жанынан құрылған «Сарыарқа» ұлт-аспаптар ансамблі (көркемдік жетекшісі Нұрлан Хамзин) өзінің атын осыған дейін алыс-жақын біраз шет мемлекеттерде танытып үлгерді. Францияның Дижон қаласында өткен Халық шығармашылығы фестиваліне қатысып, алтын медальді иеленуі тек оған ғана көрсетілген сый-сияпат емес, жалпы француздардың қазақ өнеріне берген жоғары бағасы болып табылады. Сондай-ақ ансамбльдің Новосібірдегі халықаралық халық шығармашылығы, Қытайдағы халықаралық әлем халықтарының билері және фольклорлық музыкасы, Түркиядағы халықаралық фольклор, Мәскеудегі «Садко» халықаралық фольклор фестивальдерінде халқымыздың музыкалық мол мұрасын паш етіп, Лондондағы атақты «Биг Бэне» ағылшын парламенті сарайын дала сазымен тербеген кештері ел шежіресіндегі ескірмес парақтар еді.
Күлән Жұмашқызының айтуынша, сайыста олардың оза шауып бәйге алуына жекелеген өнер шеберлерінің қосқан үлесі зор болған. Шығыс Махан сыбызғымен Т.Белгібайұлының «Ақ Аралын», Ләззат Көбенова сазсырнаймен халық әндерінен попурри, Қаракөз Гасимова жетігенмен Ықыластың «Жезкиігін», Гүлжан Мұстахим қылқобызбен Қазбек Әбеновтің «Аққуын» орындап, көпшілікті тәнті етіпті. Қалалық филармониядан ансамбль құрамында өнер көрсеткен әнші Нұрай Танабаев халық әні «Ақ көйлекті», Алтынай Мамырай «Айқаракөзді» орындағанда, жұрт елордалық өнерпаздарға ерекше ілтипат білдіргенін де айта кеткен жөн. Тағы бір айта кететін нәрсе, ансамбльдегі музыканттардың бәрі шетінен өз саласын жетік меңгерген, жоғары кәсіби мамандар болып есептеледі. Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалінде бас жүлдені иеленген белгілі күйші-домбырашы Сәттібек Баяқов та осы ұжымда өнер көрсетеді. Ансамбльдің репертуары тыңдаған кісіні жалықтырмайды. Көне дәуірде жазылған дүниелерден бастап, қазіргі заманғы композиторлардың шығармалары мен басқа халықтардың да белгілі музыкалық туындыларын тұшымды орындап, тыңдаушысын ғасыр сазымен тыныстатқан «Сарыарқаның» сапары әлі де биік белестерге бастай береріне сенеміз.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.
Суретте: «Сарыарқа» ансамблі.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше