07 Желтоқсан, 2016

Тәуелділік пен Тәуелсіздік

440 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
tauelsizdik-1Қазақ мемлекеттілігінің тамыры мың­жылдықтар тереңінен тартылатыны, ұлтымыздың ел болып, бірігіп, еркіндік, теңдік үшін ғасырлардан ғасырларға өсу, өркендеуді армандап, қолы жете алмай, басын тігіп, ертеден өткен талай ұрпақ құрбан болғаны белгілі. Ұлан-байтақ жерімізді сақтап, ұлт ұжданын көтерген бабаларымыздың ерлігі – ұрпақ тәрбиесіне өнеге. Сонымен бірге, мемлекеттіліктің жолы талай дағдарысты кезеңдерге толы болғаны да тарихи шындық. ХІХ ғасырда Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың жеңіліске ұшы­рап, қазақ жерінде хандық билік, құ­рылым жойылып, кең байтақ жеріміз бір­­неше бөлікке бөлініп, Ресейдің гу­бернаторлықтарының құрамына еніп, солтүстіктен келген империяның ау­зына қарап қалғанымыздың өзі-ақ мем­лекеттілік тарихымыздың тағ­дыр­лы жолдарында дағдарыстар мен күй­зе­ліс­тер­дің аз болмағанын көрсетеді. Сондай мемлекеттік мәртебеден, яғни дербес тәуелсіздіктен айырылып, ояз бен урядниктің аузына қарап, қор бол­ған замандарды, тарих сабағын ұмы­т­- пай, бүгінгі мемлекеттілігіміздің қа­дір-қасиетін сезіну, бағалау, сақтау, қор­ғау үшін, болашақ үшін айтуымыз қажет. Кеңес Одағының құрамында болған 74 жылды да біз жоққа шығара алмаймыз. Қысқа қайырымда ол кезеңнің бар жақсылығы мен кеселдерін, үй­ле­сімділігі мен қайшылығын, пайдасы мен зардаптарын санамалау мақсат емес. Алайда, ұлтымыздың бірнеше ұр­пағы, миллиондаған азаматы сол дәуірде адалдығымен өмір сүріп, еңбек етті, жасам­паздығының бел ортасында жүріп, қауіп төнген тұста қолына қару алып, аянбай басын тігіп, Отанын қорғады. Ен даламызға өнеркәсіп орындары келіп, индустрияландыру саясаты жүргізілді, ден­саулық сақтау, орта білім беру жүйе­­лері қалыптасып, ұлттық ғылым, өнер шаңырақтары көтерілді. Қалың ел әлеуметтік теңдікке жұмылдырылды. Бірақ, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өз қолымызда болмады. Сол кезеңде бү­кіл саяси-экономикалық, халықаралық қа­тынастар саясаты Мәскеудегі орталық биліктің құзырымен, тапсырмасымен, қатаң бақылауымен жүргізілді. Бүгінгі тәуелсіздік сезімінің арқасында «ежелден керемет едік» деп қанша кеудемізді соғып тұрсақ та, кезінде Мәскеусіз мәселе шешілмегенін естен шығармағанымыз абзал. Ол өз санамыз бен тұрмысымызға қажет. Одақтық орталық билік құзырының ең маңызды деген кейбір салаларын еске түсірсек те тәуелділік пен тәуелсіздік мазмұнынан көп нәрсе түсінікті болар. Біріншіден, республика, облыс партия комитеттерінің, атқарушы кеңес, кәсіподақ, жастар ұйымдарының, рес­пуб­ликалық БАҚ-тардың басшылары КОКП Орталық Комитетінің қатаң бақылауымен, сараптауымен келісіліп, қойылады, босатылады. Басқарушы кадр, яғни партиялық-мемлекеттік аппарат, оның басқарушы қызметкерлері, өнер­кәсіптік маңызды кәсіпорындар директорлары, мәселен, мұнай, тау-кен, металлургия салаларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректор­лары, тағы басқа жетекші салалар КОКП Орталық Комитетінің, одақтық сала­лық министрліктер құзырында. Көп жағ­дайларда Орталық билік өкілдері біздегі, тіпті аудан басшыларының қоз­ғалыстарын да бақылап отыратын. Яғни, негізгі басқарушы, бақылаушы тетік, «кілт» Мәскеудің қолында деген сөз. Әсіресе, Мәскеу тарапынан ұлттық кадрлардың үлес салмағының өсіп кет­пеуіне айрықша маңыз берілетін. Міне, осындай жағдайда Қазақстандағы билік республика, ұлт мүддесін сақтай отырып, оны алдыңғы дәрежеге оздыру, сонымен бірге, орталық биліктің талаптарымен де үйлестіре білу жолдарын сақтау арқылы табысқа қол жеткізбек. Бұл сала, яғни Кеңес Одағындағы тұтас биліктегі Коммунистік партияның кадр, басқарушы саясатының басым бағыты. Екіншіден, Қазақстан эконо­ми­ка­­с­ының 93 пайызы, ал тау-кен, қара жә­не түсті металлургия, мұнай, тағы басқа шикізат өнімдері түгелдей, яғни 100 пайыз Мәскеудің билігінде, ба­қылауында бол­ды. Біз кейде бүгінгі ер­кін­діктің ек­пі­німен өткен күндерге «неге өйтпеді, не­­ге бүйтпеді?» деп батырсынатынымыз да бар. Сәл сабыр сақтап, көз алдымызға келтірсек, бұрынғы аталарымыз, әке­ле­ріміз бізден мықты болмаса, осал болма­ды, дәл осындай күрделі жағдайда ұлт мүддесін де сақтап, Мәскеу талабымен де тіл табысып, арпалысып өткен. Өй­т­кені, осы кәсіпорындар табыстары, қаржы Мәскеудегі басқарушы орталыққа топтастырылып, Қазақстан жағы ел мұқ­тажына, әлеуметтік тұрмысына өз ақшасын өзі сұрап алады. Ол да тарих. Шүкір, бүгін негізгі әлеуметтік нысан­дар, әсіресе, денсаулық сақтау, мектеп, балабақша мәселелері көп жағдайда облыс деңгейінде шешілетіні де тәуелсіздік жемісі. Үшіншіден, ірі өнеркәсіп, алып құ­рылыстарды айтпағанның өзінде әлеу­меттік тұрмысымызға қажетті, мә­селен, аурухана, мектеп, тағы басқа то­­лып жатқан нысандар салу жоспарла­ры Мәс­кеуде бекітілетін, қаржыға рұқ­­сат берілетін. Осы жазғандарымды оқи қал­­­ған оқырман, бүгінгі күннің би­лі­гі­нен осы «сатыларды» көз алды­ңыз­ға елес­тетіп көріңізші. Біз мемлекеттік тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері он жылға жуық уақытымызды Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларын жүзеге асырып, Одақ күйрегеннен кейінгі алапат дағдарысты еңсеруге жұмсадық. Реформалар 1999-2000 жылдары алғашқы оң нәтижелерін бере бастады. Соның арқасында біз тұрмысымызды оңалтуға кірістік. Жаңа технологиялар келіп, жаңа жұмыс орындары ашыла бастады. Мемлекеттік бюджет берекеге ұласып, халық тұрмысы дағдарыстан көтеріліп, жан-жақты жақ­сы­лыққа бет бұрдық. Есімізді жиып, бар­лық өңірлерде мектептер, бала­бақ­шалар, ауруханалар салына бастады. Тек соңғы он-он бес жылда 1300-ден ас­там аурухана, 1400-ден астам мектеп салынды. Бұл көрсеткіштердің құны мен ма­ңыз­­дылығын білу үшін Кеңес дәуірінде әр облыста бір бесжылдықта небәрі 7-8 мектеп салынатынын айтсақ та жеткілікті болар. Тәуелсіздікке дейін қазағы 5-ақ пай­ыз кешегі Целиноград, бүгінгі Аста­на­мыздағы тұрғындардың 65 пайызы қазақтар. Бұрын жалғыз қазақ мектебі болған. Астанамызда соңғы жылдары 20-дан астам қазақ мектептері ашылғанның өзінде үстіміздегі жылы 1-сыныпқа бар­ған балалар мектептерге сыймай кетті. Міне, тәуелсіздіктің жеңісі мен же­мі­сі! Төртіншіден, біз Одақ құрамында бол­ғанда да, одан бұрынғы хандық дәу­ір жойылып, Ресей құрамында бол­ғанымызда да дербес сыртқы саясат жүр­гізе алмағанымыз түсінікті. Біздің дербес әскеріміз, қарулы күштеріміз болған жоқ, транспорт, коммуникация, байланысымыз, банк жүйесі түгел­дей Мәскеудің қолында болды. Бұл – өзімізді өзіміз төмендету, кемсіту емес, тәуелсіздігімізден айырылған ке­зең­дердегі біздің халықаралық ке­ңіс­тіктегі шектелген мүмкіндігіміз бен бүгінгі толыққанды тәуелсіз мемлекет мәртебесіне қол жеткізгендегі мәртебелі жағдайымыздың қадірін білу, қастерлеу тұрғысынан айтылар сөз. Бесіншіден, еліміздің тәуелсіз мем­ле­кеттігін әлемге ақпарат ре­тін­де жария, паш етумен іс біт­пей­ті­ні та­ғы бел­­гілі. Ендігі жерде бү­кіл­ха­лық­тық ре­фе­рен­дум­да қа­был­да­­ған Кон­сти­ту­ция­мыз­дың та­лаптары­на сәйкес өр­ке­ниетті мемлекет құ­­рып, орнықтыру, дү­ниежүзілік қо­ғам­дас­тықтың белсенді мү­шесі болу – ең үлкен міндет. Осы орайда Ел­­басы, еліміздің Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың бас­та­машылдығымен, орасан еңбегі, қажыр, қай­раткерлігімен соңғы 25 жылда бұдан бұ­рынғы тарихымыздың жүз­деген жыл­да­рында армандап, қолымыз жет­пеген, жеткізе алмаған, бұрын-соңды бол­маған құндылықтар мен игіліктерге қол жеткізе алдық. Біз бақытымызды баянды еткен ұлт болдық. Біз­дің Президентіміз әлемдегі адам­зат­қа, өркениетке ең үлкен қауіп – атом қаруы жасақталған Семей поли­го­нын жабудан бас­тап бейбітшілік, жа­­сампаздық бағытында халықаралық дә­режеде көп­теген жаңа қадамдарға бас­тамашы болды. Елбасының дәйекті әрі беделді бас­шылығымен Азия кон­ти­­нентіндегі отызға жуық мемлекет Азия­­дағы өзара іс-қимыл және се­нім ша­­ралары жөніндегі кеңесте бас қо­сып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы шең­­берінде өте тиімді қарым-қатынас қа­­лыптастырып келеді. Сондай-ақ, Еура­з­ия­лық экономикалық, Кеден одақ­та­рының да өмір сүруі еліміздің эко­но­ми­калық дамуына оң әсерін тигізуде. Қазақ елінің елшіліктері мен кон­су­л­дықтары әлемнің жүзге жуық мем­ле­кетінде жұмыс істейді, өз кезегінде осын­шама шетел елшіліктері мен халық­аралық ұйымдар өкілдіктері біздің Астана­мызда қызмет атқаруда. Халық­аралық ЭКСПО-2017 тақырыбы бөлек әңгіме. Осы 25 жылда Нұрсұлтан На­зар­­ба­ев­тың көреген де дана сая­са­ты мен қа­жымас қайраты және қай­рат­ке­р­лі­гі­нің, біліктілігі мен білім­ді­лігінің, па­ра­сат­тылығы мен жаңа­шыл­дығының ар­қа­сында қазақ деген ұлтты әлем танып, мойындады. Әлемдік, өңірлік саясатқа ықпал етіп отыратын ең қуатты мемлекеттер басшылары, БҰҰ Тәуелсіз Қазақстан және Қазақстан Президентімен санасатын болды. Тәуелсіз Қазақстан халықаралық қо­­ғамдастықтың белсенді мүшесі болды. Біз тарихымызда тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне екі жыл мерзімге 15 мемлекеттің құрамында мүше болып сайландық. Бізге 139 мемлекет сенім білдіріп, дауыс берді. Бұл – біздің Мәңгілік Еліміздің, Еліміз сенген Еріміздің Жеңісі ! Тәуелділік бұғауынан, сана құрсау­ынан құтылып, Тәуелсіз ел, әлемдік қо­ғам­дастықтағы ең ықпалды мемлекеттермен тереземіз тең толыққанды мемлекет болу көріністері, міне, осындай. Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты