20 Қаңтар, 2010

ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҢАША ТАНЫТУ

1952 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
Еуропаға жол ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҢАША ТАНЫТУ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ете бастауы елімізде жинақталған мол тәжірибені жан-жақты насихаттай білуді талап ететіні сөзсіз. Егер біз Еуропа төрінде отырып, Қазақстанның өнеге-үлгісін кәрі құрлықтың 55 еліне тарата білмесек, төрағалық миссиямыз­дың бір қыры атқарылмай қалатындай көрінеді. Тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанды әлемге таныту мәселесі қолға алынғаны белгілі. Бұл істегі жетістіктеріміз аз емес. Алайда, Қазақстанның өз даму кезеңін­дегі жаңа белестері, экономикасы мен әлеу­меттік өміріндегі жаңа жетістіктері, жаһандану талаптарына сәйкес әлемнің басқа мемлекет­тері тарапынан жасалып жатқан қадамдар елі­міз­ді әлемге танытудың жаңа әдістер мен тәсіл­дерін талап ететіні түсінікті. Себебі, ілгері ұмты­лып жатқан елдер аз емес. Ал олардың жүргізіп жатқан ізденістері таңдай қақтырмай қоймайды.

Қазақ — тумысынан бауырмал, достыққа құшағын жайып тұратын халық. Жақыны мен жатқа да, көрші елдерге де “сыйға – сый, сыраға – бал” деген көзқараспен қараған. Ішкі жан-дүниесін терең білмейтін алыс шетелдің адамына өте жуас, көнбіс ұлт болып көрінуі мүмкін. Алайда, кейбіреулер басынса, шектен шығар қылық көрсетсе, бір ауыз сөзбен тоқтататын шешендігімен ондайларды орнына қойып отырған. Сөзге тоқтамаса, амал жоқ, атқа қонып, жауын жеңбей тынбаған, көлденең көк аттыға намысын таптатпаған. Бұған жаугершілік замандарда елі мен жерін қорғаған бабаларымыздың ерлігі мен артына қалдырған өнегесі куә.

Кеңес одағы құрамында тұрған кезінде Қа­зақстан индустриялық жағынан өркен­деген­­мен, аз ұлттарға қатысты жүргізілген сола­қай саясаттың салдарынан үлкен қысымға ұшырады. Дүркін-дүркін өзге ұлттар күштеп, қазақ жеріне жер аударылды. Сөйтіп, қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшыра­ғаны белгілі. Соған қарамастан, халқымыз Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған кәріс, неміс, чешен, ингуш және басқа да ұлт диас­пораларын қиын кезеңде қабыл алып, үйіне кіргізді, жарты нанды бөліп жеді. Тың игеру жылдары көшіп келген орыс, украин, беларусь және басқа ұлт өкілдерін де оң қабақпен қарсы алды. Бүгінгі таңда Қазақстанда сандаған ұлт өкілдері бақытты өмір сүріп жатыр және де әр салада жемісті еңбек етуде.

1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста кейбір шетелдік арандатушылар біздің ел жайлы неше түрлі қисынсыз болжамдар айт­қаны есімізде. Олар алуан түрлі ұлттар тұрған елде саяси тартыстар көп болады, өз алдына мем­лекет құруда қиындықтарға ұшырайды деген пікірлерін алға тартты. Ондай сөзді айта­тындар қазақтың кеңдігі мен достық пейілін білмей, сыртынан “тон пішкендер” болатын. Қазақстан көп ұлттың өкілі орналасқан ел екендігін ұтымды пайдалана білді. Біздің елдегі әрбір адам – мемлекет байлығы. Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев ел тәуелсіздігін алған күннен бастап халық бірлігі, ұлттар достығына айрықша мән берді. Соның арқасында осы 18 жылдан астам уа­қыттың ішінде әр түрлі экономикалық қиын­дықтардан да шығып келеміз. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан да біртұтас бірлігіміздің арқасында аман-есен шығамыз деген сенім мол.

Мемлекеттің ұстанған саясаты, алға қойған мақсаты Конституциямызда көрініс тапқан. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабыл­данған Ата Заңымыздың кіріспесінде біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы екенімізді, байырғы қазақ жерінде мемлекет құрып отырғанымызды жария еттік. Қазақ­станды еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғам­дастықта лайықты орын алуды тілейтінімізді, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезінетінімізді атап көрсеткен едік. Азаматтардың тең құқығы, тіліне, ұлтына, нәсіліне қарай бөлуге жол беріл­мейтіні, елімізді мекендеген ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен тілін, өнері мен мәдениетін дамытуға мемлекет қолдау жасайтыны арнайы баптарда жазылғанын, оның бүгінгі таңда жан-жақты жүзеге асып отырғанын айта кеткен жөн.

1995 жылы 1 наурызда Елбасының бастама­сымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мұндай қоғамдық маңызды құрылым ешбір елде жоқ екені анық. Бір шаңырақ астында барша ұлт өкілдері бірікті. Биыл 15 жылдығы аталып өткелі тұрған Ассамблея осы кезең ішінде халық бірлігін сақтауда үлкен жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. “Ол елі­міздегі этносаралық қарым-қатынасты дамыту­дың іргелі институтына, татулық пен сыйлас­тықтың берекелі бекетіне айналды. Мәртебелі органның сессияларында қоғамдық өмірдің сан саласын қамтитын, оның келбетіне ықпал жасайтын әлеуметтік мәні зор мәселелер де тал­қыланды. Біздің үлгімізді шетелдік мәртебелі меймандар да өнеге тұтуда. Олар сессия жұмысына арнайы қатысып, Ассамблея қызметінің жаңа қырларын үйренуде, бағыт-бағдарынан тәлім алуда”, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Ассам­блеяның ХV сессиясында.

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ете бастауы елімізде жинақталған мол тәжірибені жан-жақты насихаттай білуді талап ететіні сөзсіз. Егер біз Еуропа төрінде отырып, Қазақстанның өнеге-үлгісін кәрі құрлықтың 55 еліне тарата білмесек, төрағалық миссиямыз­дың бір қыры атқарылмай қалатындай көрінеді. Бүгінгі заман талабына сәйкес ел мен елдің кірігуі, көп мәселелерде бастарының бірігуі бір-бірінің өнегесі, үлгісі арқылы жүретіні бар. Егер біз осындай мақсатты ұстанатын болсақ, онда жинақталған тәжірибені қорытып, басқа елдер мен халықтардың алдында түсіндіре білуіміз керек. Ал Еу­ропа елдерінен өндіріс, мәде­ниет, оқу-білім жа­ғынан үйре­неміз десек, өзі­міздің де жақ­сы жақта­рымызды өз­ге­лерге үйрете бі­луіміз керек. Бүгінгі за­манда мемле­кеттер бір-бі­рін эко­но­микасына қа­рап, қарсы алып жатса, рухани бол­мыс-бітіміне, парасат-пайы­­­мына қа­рай құр­мет­­тейтіні жа­сырын емес.

Мемлекет басшысы тәуел­сіз ел құрып, әлемге достық пен ынтымақ ор­натудың, бей­біт­шілікті қорғаудың үлгісін көрсе­те білген халқымыз жайлы жүрекжарды сөзін айтқаны бәріміздің есімізде. “Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ға­сырда қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда. Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауап­кершілікті сезіне отырып, бұл тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде үнемі халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуының басты шарты екенін айтып келеді. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – Отанымыздың жарқын болашағының кепілі екенін де еске салды. Егер біз жиырма жылға жетпейтін аз уақыттың ішінде, қаншама қиындықтарға, жан-жақтан анталай келіп ұрынған дағдарыстарға қарамастан, әлеуметтік-экономикалық даму баспалдақтарымен биіктеп бара жатсақ, бір кездері барлық экономикалық байланыстары үзіліп, дүкен сөрелері қаңырап бос тұрған күйінде берекелі де өркенді мемлекетке айналдыру Қазақстанды мекендеген барлық этностардың өзара түсіністігі мен сыйластығын, бірлігінің арқасында болғанын өзіміз ғана біліп қоймай, өзгелерге де білдіре алсақ – бұл жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік ісіне қосқан елеулі үлесіміз болар еді.

Келесі бір тоқталғым келіп тұрғаны – діни мәселе. Әр адам тілі мен салт-дәстүрін қалай құрметтесе, өз дінін де ерекше қастерлейтіні анық. Әлем тарихына назар аударсақ, мыңдаған соғыстар осы діни көзқарастары қайшы келген ұлттардың, немесе белгілі бір діни топтардың арасында орын алған. Білікті заң мен тәртіпке бағынған елде діни көзқарасқа шектеу қойыл­масы анық. Қазақ жерінде ислам діні өркен жайды. Кейін христиан дінін ұстанушылар көшіп келді. Елімізде негізінен осы екі дінді ұстанушылар саны басым. Бүгінде Қазақстанда 40-тан астам діни конфессияның бар екені белгілі. Сондықтан ұлтаралық, конфессия­аралық төзімділікті нығайту елдегі негізгі саясаттың біріне айналды.

Әлемдік қаржы дағдарысының ықпалы тек қана экономикалық жағынан әсер етіп отырған жоқ. Кейбір елдерде қаржы қиындығынан келіп туындап жатқан проблемаларды да байқап отырмыз. Демократиялық даму жолына түскен, салт-дәстүрі қалыптасқан бірқатар мемлекеттерде экономикалық қиындықтар идео­логиялық дағдарысқа, адамдардың сана­сын­дағы қайшы пікірлердің туындауына алып келуде. Айталық, парламенттік құрылымның дүниеге келген отаны, өркениет жолында жан-жақты дамыған Англияда өткен жылы наразы болған тұрғындар бірнеше дүркін жалпы ше­рулерге шықты. Сондай бір оқиға 2009 жылы 5 желтоқсанда Ноттингем қаласында орын алғаны белгілі. Шеруге шыққандар Ұлы­британияда тұрып жатқан және жұмыс жасап жүрген шетелдік азаматтардың өз елдерінен кетуін талап етті. Жергілікті билік органдары қо­ғамдық тәртіпті сақтау мақсатында тұрғын­дардың өз үйлерінде отыруы қажеттігін айтып, сақ­тыққа шақырды. Ал жуырда, менің білуім­ше, Швейцарияда мұнарасы бар мешіт салуға заң жолымен тыйым салды. Мұндай мысалдар әлемнің көптеген елдерінде бар екені анық. Сон­дай түсіністік болмаған өңірлерде қантөгіс­ке алып келіп отырғаны да жасырын емес.

Қазақстан — өзінде ғана тұрақтылықты қамтамасыз етіп қоймай, әлемнің барлық елдерінің дін өкілдерінің басын қосып отырған бірден-бір мемлекет. 2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары­ның алғашқы съезі өтті. Президенттің бастама көтеруімен жүзеге асқан Қазақ елінің бұл жаңа жобасы әлем жұртшылығының назарын өзіне аударды. Жер шарындағы діни ұйымдардың жетекшілері елордамызда бас қосып, бейбіт­шілікті қорғау, дінаралық қайшылықтарға жол бермеуге бар күш-жігерлерін салуға уағдаласты. 2003 жылғы съезге түрлі діни конфессиялардан 17 делегация қатысса, 2006 жылы олардың саны 29-ға жетті. Ал өткен жылы ІІІ съезге әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты. Тек діни ұйым басшылары ғана емес, Еуропа мен Азияның саяси қайраткерлері мен ғалымдар және Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйы­мы, ЮНЕСКО сияқты халықаралық деңгейдегі беделді ұйымдардың өкілдері келіп, ойлары мен ұтымды ұсыныстарын ортаға салды. Шетелдік меймандар Қазақстанның дінаралық ынтымақтастық пен келісімнің, бейбіт өмір сүрудің жолындағы әлемге көрсетіп отырған үлгісін атап өтті.

Бұл мәселелерде Қазақстанда шешілмеген проблемалар жоқ деуден аулақпын. Десек те, әлемнің басқа жерлеріне қарағанда, Қазақстан­дағы діни конфессиялар арасындағы түсіністік пен сыйластықты айрықша атап көрсеткім келеді. Бір кездергі жанжалдар мен қақты­ғыстардың көзі болған діндер мен діни кон­фессиялар арасындағы қатынастар Қазақ­станда барынша оңтайлы шешіліп отырғанын әлем жұртшылығы көрді. Егер біз әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізіп, өз басымызға қосымша жұмыс тауып отырмыз десек, мұнымыз әбестік болар еді. Біз осы съездер арқылы Қазақстандағы діни қатынас­тарды әлемге танытып, түсіністік пен сыйластық ісіне өз үлесімізді қосып отырмыз. Қазақстанды жаңаша танытудың бір әдісі осындай болса керек.

2009 жылы 2 қыркүйек күні Парламент сессиясын ашқан кезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент пен Үкіметтің алдында тұрған міндеттеріне тоқталды. Қа­зақстан халқы қиын кезеңді еңсеріп қана қоймай, дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне жан-жақты дайындалуға тиіс екенін айтты. Қазіргі кезең уақыт талабына жауап бере алатын заңдарды қабылдауды қажет ететінін жеткізді.

Ел Президенті Үкіметтің алдына екі бес­жыл­дық бойынша бөле отырып, елдің 2020 жылға дейінгі даму бағдар­ламасын әзірлеуді жүктеді. “Бұл “Қазақстан-2030” Стратегиясын орындау жөніндегі келесі қадам болып та­былады. Сондықтан бізге жаһандық өзгерістер мен үрдістерді ескеру керек”, – деді Елбасы.

Осы аталған кезең ішінде, яғни, 2010-нан 2020 жылға дейінгі аралықта мемлекет пен қоғамның күш-жігерін негізгі бес бағытқа, атап айтқанда, экономиканы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіруге, оның орнықты­лығын қам­тамасыз етуге, бәсекеге қабілетті адами капитал жасауға, халықты әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көр­сетумен қамтамасыз етуге, ұлтаралық келі­сімді, қауіпсіздікті, ха­лық­аралық қатынас­тар­дың тұрақтылығын қолдауға шоғырландырған жөн екендігін жария етті.

Міне, 2010 жыл басталды. Мемлекет алдын­да жаңа белестер тұр. Биыл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі аса маңызды тарихи оқиға болып отыр. Елбасы бұл құрметті миссия бізге үлкен жауап­­кершілік жүктейтінін және сонымен қа­тар бізге кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Яғни, еліміз әлемге жаңа қырынан танылмақ.

Қазақстанды әлемге танытуда Парламенттің де рөлі зор. Бұл бағытта депутаттар да халық­аралық ма­ңызы зор заң жобаларын қабылдауда, келісім­дерді, шарттар мен хаттамаларды заң түрінде бекітуде белсенділік танытатыны анық. Сонымен қатар елімізге келген шетелдік әріптестермен, қоғам қайраткерлерімен өткен кездесулерде Қазақстанның ұстанған саясаты жөнінде жан-жақты түсінік беру – парламент­шілердің міндеті. Ел Президенті осы сессияны ашу барысында Парламент барлық мемлекеттік орган­дармен бірге елдің ЕҚЫҰ төрағасы функ­цияларын орындауына белсенді қатысуға тиіс екенін айтқан болатын.

“Қазақстанның осы міндетті ойдағыдай атқаруы және сол арқылы халықаралық саясаттағы беделі мен абыройын нығай­туы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – біздің ортақ парызымыз”, – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Жас та тәуелсіз Қазақстан мемлекетін әлемдік деңгейде жаңа қырынан таныта білетін сәт туды. Осы бір ынтымақпен атқарылуға тиісті ісіміз нәтижелі болғай.

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. Астана.

ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҢАША ТАНЫТУ

Тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанды әлемге таныту мәселесі қолға алынғаны белгілі. Бұл істегі жетістіктеріміз аз емес. Алайда, Қазақстанның өз даму кезеңін­дегі жаңа белестері, экономикасы мен әлеу­меттік өміріндегі жаңа жетістіктері, жаһандану талаптарына сәйкес әлемнің басқа мемлекет­тері тарапынан жасалып жатқан қадамдар елі­міз­ді әлемге танытудың жаңа әдістер мен тәсіл­дерін талап ететіні түсінікті. Себебі, ілгері ұмты­лып жатқан елдер аз емес. Ал олардың жүргізіп жатқан ізденістері таңдай қақтырмай қоймайды.

Авторы: Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. Астана.