21 Қыркүйек, 2011

Қазақстан ұстанымдары айқын

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміз Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Нью-Йоркте Жұқпайтын аурулардың алдын алу мен бақылау жөніндегі жоғары деңгейдегі жиналыста сөз сөйледі, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі. Қазіргі қоғам тұрақты даму мен тұрмыс жағдайының өзара тығыз байланысындағы сапа түсінушілігіне келді. Мыңжылдық пен әлеуметтік даму мақсатындағы жұмыстар өмір сүру сапасының жақсара түсуіне қосылған айтарлықтай үлес болып табылады. Біздің мақсатымыз – жаһандық күн тәртібінің басым тақырыбына және XXI ғасырдың биік кедергісіне айналған созылмалы жұқпайтын аурулардан пайда болатын ерте өлім санының өсуін тоқтату, деді өзінің сөзінде Е.Қазыханов. Министр келесі кезекте  Қазақстан жұқпайтын аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жұмыстарында Жаһандық стратегияның 2008-2013 жылдарға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жобасының орындалуына ұстамдығын білдіретінін атап өтті. Біз ДДҰ-ның ұлттық, жаһандық және аумақтық деңгейдегі қабылдап жатқан жұқпайтын ауруларды бақылау саласындағы халықаралық әріптестермен ынтымақтастығын қолдаймыз. ДДҰ-ның ғылыми зерттеудегі және деректерді жинақтаудағы шаралары жұқпайтын ауруларға қарсы күресті жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік берер еді, деді ол. Жұқпайтын аурулардың санын айтарлықтай төмендетуге бағытталған ең тиімді тәсілдердің бірі – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіпті факторларды жоюдағы санитарлық медицина шараларының кеңеюі мен сапасының жоғарылауы деп санаймыз, деп сабақтады сөзін қазақстандық министр. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын және БҰҰ Балалар қорын 1978 жылғы бірінші санитарлық медицина жөніндегі Алматы декларациясын дамыту ұстанымдары бойынша оның қызметін жалғастыруға шақырамыз. Аталған бірінші санитарлық медицина декларациясы бүгінде аурудың алдын алудан бастап, ауру белгілерін тапқаннан кейінгі ұзақ мерзімді медициналық жәрдем берумен аяқтау сияқты жоғары қызмет көрсетуді көздейді. Қазақстан Үкіметі ұлттық жобада жұқпайтын ауруларға қарсы жұмыс мәселелерінің басымдығын жоғарылату және денсаулық сақтау жүйесін нығайту арқылы жұқпайтын ауруларға қарсы күрес саясатын күшейтуді қолдайды. Біздің елімізді ДДҰ шеңберіндегі конвенция бойынша темекі бұйымдарына қарсы «Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс қабылданды, саламатты өмір сүруді насихаттайтын «Саламатты Қазақстан-2010» атты мемлекеттік бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді. Е.Қазыханов сөзінің аяғында жұқпайтын ауруларға қарсы күрестің тұрақты және ұзақ  мерзімді үдерістеріне келісілген мыңжылдық пен халықаралық мақсаттар арқылы жетуге болатынына сенім білдірді.