21 Қыркүйек, 2011

Елбасы Нью-Йоркке келді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысу үшін жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласына келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің бас­пасөз қызметі. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясының жалпы жарыссөзіне, ядролық қауіп­сіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырысқа қатысады, сондай-ақ жұ­мыс сапары аясында бірқатар екі­жақты кездесулер өткізеді.