22 Қыркүйек, 2011

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

215 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

         Қазақстан                  Қазақстан Республикасы            Республикасы Индустрия және жаңа      Экономикалық даму технологиялар                 және сауда министрлігі               министрлігі 2010 жылғы 21 тамыз №242                  2010 жылғы 2 қыркүйек №171           Астана қаласы                                        Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабын және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (А.С. Таспихов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Қ.Әбдібековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар    Экономикалық даму және министрінің міндетін атқарушы         сауда министрі _________________А.РАУ.        ____________ Ж.Айтжанова. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 тамыз №242 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйек №171 бірлескен бұйрығымен бекітілген Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Осы Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) бақылау субъектілерін тәуекелдің белгілі бір тобына жатқызу үшін Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Лицензиялау туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер қолданылады: 1) тәуекел – улардың, оқ-дәрінің, қару-жарақтың, әскери техниканың, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдардың заңсыз айналымды жүзеге асырудың нәтижесінде көрінген зардаптардың ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы; 2) бақылау субъектілері – төменде көрсетілген қызмет түрлерін атқаруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар: босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою; монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу; қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу. 3. Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері мыналарға бөлінеді: 1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген. 2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталады. 4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға бастапқы жатқызу объективтік критерийлер ескеріліп, жүзеге асырылады. 5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға одан кейінгі жатқызу субъективтік критерийлер ескеріліп, жүзеге асырылады. 6. Тәуекел дәрежесінің субъективтік критерийлері объективтік критерийлер бойынша тәуекелдің жоғарғы тобына жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты қолданылмайды. Тәуекелдің жоғарғы тобына жатқызылған бақылау субъектілері жыл сайынғы бақылауға жатады. 7.Объективтік критерийлер бойынша: 1) тәуекелдің жоғарғы тобына мыналарды жүзеге асыратын лицензиаттар жатады: босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу; уларды өндiру, өңдеу, пайдалану, жою; монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиын­тықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу; қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру. 2) тәуекелдің орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын лицензиаттар жатады: уларды сатып алу, сақтау, өткiзу; монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды алу және өткiзу; қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын сату, оларды сатып алу; жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу. 3) объективтік критерийлер бойынша тәуекелдің төменгі тобына лицензиаттар жатқызылмайды. 8. Субъективтік критерийлер бойынша: 1) тәуекелдің жоғарғы тобына тексерулер нәтижесінде 4 және одан жоғары балл жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 2) тәуекелдің орташа тобына тексерулер нәтижесінде 2-ден 3 баллға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады; 3) тәуекелдің төменгі тобына тексерулер нәтижесінде 1 балл жинаған бақылау субъектілері жатқызылады. Бақылау субъектілерінің тиісті қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъективтік критерийлер осы Критерийлерге қосымшасында келтірілген. 9. Тәуекелдің белгілі бір тобының бақылау субъектілерін тексеру жоспарына бірінші рет енгізу критерийлері: 1) алдыңғы тексерулер қорытындылары бойынша ең көп балл; 2) соңғы жоспарлы тексеру өткізудің ең үлкен мерзімі. Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне  қосымша №    Критерийлер    Балл 1    2    3 Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу 1    Қамтамасыз ететiн қызметтердiң болмауы    еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғау    3 медициналық бақылау    3 улардың есепке алынуы    3 2    Тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, техникалық пайдалану ережесi мен өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органда қауiпсiздiк ережесiн үйренуден және бiлiмiн тексеруден өткен инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және басшы қызметкерлердiң бiлiктi құрамының болмауы    3 3    Уларды сақтауға арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың болмауы    3 Уларды сақтауға арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар меншік құқығында емес    3 Уларды сақтауға арналған және арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына жауап бермейді    1 4    Уларды сақтауға жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар күзетiнiң немесе күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлермен күзет қызметiн көрсетуге арналған шартының болмауы    3 5    Қорғаныс құралдарының болмауы    арнайы қорғаныс киiмiнiң    3 жеке қорғаныс заттары    3 өртке қарсы мүкәммал    3 6    Ықтимал аварияларды жоюдың бекiтiлген жоспарының, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтардың, ережелердiң және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың болмауы    3 7    Активтердің мөлшері 10000 айлық есептiк көрсеткiштен аз    1 Монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды алу және өткiзу 8    Басшыда және/немесе оның орынбасарында жоғары техникалық бiлiмнiң болмауы    3 9    Тиiстi техникалық жоғары бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар бiлiктi мамандардың болмауы    3 10    Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен олардың аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіру үшін жабдықтарды монтаждау, реттеу, пайдалану, сақтау, жөндеу, сервистiк қызмет көрсету үшiн меншiк құқығындағы мамандандырылған ғимараттың болмауы    3 Мамандандырылған ғимарат меншік құқығында емес    3 Мамандандырылған ғимараттың аумағы    оқшауланбаған    3 қоршалмаған    3 қарулы күзетпен күзетiлмейді    3 өрт қауiпсiздiгi және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап бермейді    3 тұрғын және өндiрiстiк объектiлерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауiпсiз арақашықтықта орналаспаған    3 11    Жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайлардың болмауы    1 Қызметтiк үй-жайлар санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейді    1 12    Оқ-дәрiлердiң, қару-жарақтар мен әскери техниканың, олардың қосалқы бөлшектерiнiң, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарының, сондай-ақ сатып алуға және сатуға жататын арнайы материалдардың және жабдықтардың түрлерi туралы, мәлiмделген қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыру барысында орындалатын жұмыстар туралы түсiндiрме жазбаның болмауы    1 13    Қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалану қажеттiлiгiнiң жоқтығы туралы растамасының болмауы    1 14    Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдар мен аспаптарын, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды сатып алуға және сатуға мемлекеттiк тапсырыстың және/немесе мемлекеттiк органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келiсiм-шарттың) болмауы    1 15    Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi өкiлдiгiнiң болмауы    1 16    Активтердің мөлшері 10000 айлық есептiк көрсеткiштен аз    1 Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу 17    Басшыда және/немесе оның орынбасарында жоғары техникалық бiлiмнiң, Жарылғыш жұмыстары кезiнде қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережелерiне сәйкес Жарушының бiрыңғай кiтапшасы және жарылғыш жұмыстарының басшылығы құқығының болмауы    3 18    Тиiстi техникалық бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде үш жыл еңбек өтiлi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органда техникалық пайдалану ережесi мен қауiпсiздiк ережесiн бiлуiне бiлiктiлiк тексеруден өткен білікті мамандардың болмауы    3 19    Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға арналған құралдардың болмауы    3 мамандандырылған ғимараттардың болмауы, меншiк құқығында емес    3    3 арнайы көлiктiң болмауы, меншiк құқығында емес    3    3 Мамандандырылған ғимараттар мен арнайы көлiк өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына жауап бермейді    1 20    Жұмыс iстейтiн персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайлардың болмауы    1 Қызметтiк үй-жайлар өрт қауiпсiздiгi және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді    1 21    Қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалану қажеттiлiгiнiң жоқтығы туралы растамасының болмауы    1 22    Жару iсi саласындағы мамандандырылған ұйымның Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге мәлiмделген жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылатын өнеркәсiптiк жарылғыш материалдардың, жару және бақылау аспаптарының тiзбесiне сәйкестiгi туралы сараптама қорытындынының болмауы    1 23    Активтердің мөлшері 10000 айлық есептiк көрсеткiштен аз    1 Қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын сату, оларды сатып алу 24    Басшыда және/немесе оның орынбасарында жоғары техникалық бiлiмнiң болмауы    3 25    Тиiстi жоғары техникалық бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар бiлiктi мамандардың болмауы    3 26    Қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын сақтауға арналған меншiк құқығындағы мамандандырылған қойманың болмауы    3 Мамандандырылған қойма техникалық нығайту жөнiндегi талаптарға жауап бермейді және өрт-күзет дабылы құралдарымен жабдықталмаған    1 27    Қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын есепке алу және сақтау жөнiндегi құжаттаманың болмауы    1 28    Сатып алу және сатуға жоспарланған қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарының үлгiлерiнің тактикалық-техникалық сипаттамалары мен техникалық құжаттамасының болмауы    1 29    Қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдары рұқсатының немесе жұмыстарға тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалану қажеттiлiгiнiң жоқтығы туралы растамасының болмауы    1 30    Қолға ұстайтын жауынгерлiк атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алуға және сатуға мемлекеттiк тапсырыстың және/немесе мемлекеттiк органмен немесе ұйыммен жасалған шарттың (келiсiм-шарттың) болмауы    1 31    Орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi өкiлдiгiнiң болмауы    1 32    Активтердің мөлшері 10000 айлық есептiк көрсеткiштен аз    1 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6528 болып енгізілді.