Кеше Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» атты мұражай панорамасының салтанатты тұсаукесерін өткізді. Оған ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас директоры Дүйсен Қасейінов, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Арыстан Мұхамедиұлы, Астана қаласындағы, Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов, сондай-ақ тарихшы ғалым Бүркітбай Аяған қатысып, мұражай әкімшілігіне осындай игі шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ұжымды Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген 10 жылдық мерекелерімен құттықтады.
«Тәуелсіздіктің 20 жылдық шыңы» атты мұражай панорамасында көріністер тәуелсіз жас мемлекеттің пайда болып, қалыптасуы мен құрылу кезеңдерінен қазіргі кезеңге дейінгі 20 жылдағы өзгерістер мен жетістіктерді кеңінен насихаттау және қазақ халқының этностық мәдениеті жайлы жалпы аумақты қамтыған. Бұл мұражай панораманың жобасы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясымен бірлесе іске асырылыпты.
Елорданың көз тартар жерлерінің бірі – аталған этно-мемориалдық кешен 2001 жылдың қыркүйек айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған. Мұнда ұлан-байтақ еліміздің дара болмысы мен бағзы бейнесінен, сонымен қатар, жалпы тарих беттерінен терең сыр шертетін халқымыздың ең көне жәдігерлері, көрнекті де киелі орындары көрініс алған. Бұл көріністер 1,7 га аумақты алып жатыр.
Астанаға арнайы келген жұртшылықтың кешенді аралаған кезінде ұлан-ғайыр елдің көрінісін көз алдына сұлуландыра келтіретін бұл мұражайдан көңілге түйер дүниелер мол екені айқын. Бұл тұрғыда мұражай қызметкерлерінің қызметі сізге қашанда әзір.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
Суретті түсірген Мұхтар ХАЛДАРБЕКОВ.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше