Бұл күндері Алматыны кино әлемі әлдилеп тұр. «Еуразия» кинофестивалі – соңғы жылдары түсірілген кино туындылардың халықаралық бәйгесі ғана емес, фестиваль мен фестиваль арасында тындырылған тірліктерге есеп беретін де кез.
Сонымен VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қазақстан кино энциклопедиясының» тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл айтулы шараға отандық кинематографияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан өнер саңлақтары да ортақтасты.
Ұлттық кинематографияның кешегісі мен бүгінгісін түгендейтін кітаптың авторы – тарихшы-журналист, Кинематографистер одағының кеңесшісі Тұмар Смайылова. Аталмыш энциклопедия Кинематографистер одағының қолдауымен «Полиграфкомбинатта» 2000 данамен басылып шығыпты.
Аты айтып тұрғандай, кітапта кино майталмандарының өмірбаяндары, қазақ киносына қатысты түрлі деректер мен мәліметтер топтастырылған.
Көптен күткен кітаптың тұсаукесерінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы» АҚ президенті Ермек Аманшаев:
– Он жылдың ішінде жарық көрген үш кітаптың соңғысы бүгін, міне, оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Алдымен «Киносправочник» деп аталатын кітап 2000 жылы жарық көрсе, «Кто есть кто» кітабы 2003 жылы шыққан еді. «Қазақстан киносы» деген ортақ атпен әр жылдары шыққан осы еңбектерді шын мәнінде трилогия деп айтуға болады, – деді.
Аманшаевтың айтуынша, Қазақстан кино энциклопедиясы – қарапайым оқырманға ғана емес, кино саласының мыңдаған мамандарына пайдалы құрал да бола алады.
Алматы.

Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше
Аймақтар • Кеше