Мемлекет басшысының атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының тұрғындарынан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Хат иелері Қазақстанның іргелі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы Тәуелсіздіктің нәтижесі екенін атап өтеді. Одан әрі авторлар: «Ұлы Далада жаңа, тұрақты, қуатты мемлекет құрылды. Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік. Экономикалық әлеуетіміз бен мәдениетіміз, дініміз бен салт-дәстүріміз еселеп артып, Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды», деп жазады.
Мемлекет басшысына зор табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тілеген ұжымдық хатқа Төлеби ауданының құрметті азаматтары: З.Ташев, Қ.Оңғаров, Е.Тұрғынбеков, соғыс ардагерлері: Ө.Сахов, Ә.Сансызбаев, Қ.Нұсқабаев, Ж.Түктібаев, т.б. қол қойған.