19 Қаңтар, 2010

ҚАЗАҚСТАН ТАРАТПАУ ҮДЕРІСІН ТОЛЫҚ ЖАҚТАЙДЫ

1265 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
15 қаңтарда Венада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің (МАГАТЭ-нің) бас хатшысы Юкия Аманомен кездесті. Қ.Саудабаев атом энергия­сын адамзат игілігі үшін бейбіт мақсатта пайдалануды кеңей­туге, ядролық қаруды таратпау ре­жімін нығайтуға және халық­аралық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған МАГАТЭ қызметіне жоғары баға берді. Мемлекеттік хатшы – Сырт­қы істер министрі мөлшері жө­ні­нен әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартып, біржақ­ты ретте өз аумағындағы әлем­дегі аса ірі КСРО-ның ядролық полигонын жапқан Қазақстан таратпау режімін нығайтуға және қарусыздану үдерісіне тарихи үлес қосып, еліміздің өз мойнына алған халықаралық мін­деттемелерін берік жақтай­тын­­дығын қуаттап берді. Қазақстан дипломаты бас ди­ректоры Ю.Аманоны 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әре­кет­тің халықаралық күні деп жариялау туралы қазақ­стан­дық соңғы бас­та­ма­мен және 2009 жылғы желтоқ­сан­да БҰҰ Бас Ассамблеясы қа­был­даған осы ат­тас қарармен, Ор­талық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру туралы шарттың күшіне енуімен, біздің елімізде Ядролық қаруды таратпау туралы шартты іске асыру жөнінде Шартқа шы­найы тиімділік беруге бағытталған 2010 жылғы шолу конференциясын әзірлеу жөнінде атқарылып жат­қан жұмыстармен таныстырып өтті. Бұл бастамалар Қазақ­стан­ның ядро­лық қаруды таратпау режімін нығайтуға қосқан нақты үлесі болып табылады. Мемхатшы Қазақстанның бей­біт атомда халықаралық қоғамдас­тық­тың және бәрінен бұрын МАГАТЭ-нің та­ра­пынан қатаң бақылау жағдайын­да дамытуды жақтайтынын атап өтті. Осыған орай біз Агент­тікпен барлық ба­ғыттар бойынша, соның ішінде, тех­никалық ынтымақ­тастық бағ­дар­ламасы аясында ық­палдастық­ты бел­сенді ету ниетін­деміз. Мұ­ның өзі атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы барынша өзекті мін­деттерді шешуге сүбелі үлес қосады. Бүгінде Қазақстан уран өнімін өндіру жөнінен көшбасшы болып келеді. Кепілдіктерді қолдану ту­ралы келісімге сәйкес Қазақстан­ның бар­лық ядролық нысандары МАГАТЭ-нің бақылауында және барлық ядролық қызмет Агенттік­тің ереже­леріне сәйкес және стандарттары бойынша жүзеге асырылады. Қ.Саудабаев ядролық таратпау саласында дәйекті саясат жүргізе отырып, Қазақстан МАГАТЭ-нің қарауына МАГАТЭ құзырымен өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы мәлімдеуді ресми енгізген болатын. Бұл қадам атом энер­ге­ти­касын бейбіт дамыту жөнінде Агенттікпен ынтымақтастыққа қо­сылған тағы бір үлеске айналады. МАГАТЭ-нің бас директоры Ю.Амано ядролық таратпаудың және қарусызданудың жаһандық үдерісіне Қазақстан қосқан үлесті жоғары ба­ғалады. Ол Қазақстан­ның Агент­тік­ке барынша белсенді мүше мем­лекет болып табыла­ты­нын және қа­зір­гі кезде бірқатар маңызды жоба­лар­ды іске асырып жатқанын атап өтті. Ю.Амано мәлім еткеніндей, “Қа­зақстан МАГАТЭ-нің ерекше маңызды әріптесі болып табы­ла­ды”. “Ядролық қарудан бас тарту және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядролық емес мем­лекет ретінде қосылу таратпау режі­мін нығайтуға оң ықпал еткен маңызды тарихи оқиға болып табылады. Біз Қазақстанның МАГАТЭ-мен ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанамыз және ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірміз”, – деді ол. МАГАТЭ-нің бас директоры біз­дің еліміздің өз аумағында Ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы шешім қабылдағанына, мұның өзі Қазақ­станның таратпау ісін жақтай­тын­дығының кезекті қуаттауы болып та­былатынына ризашылық білдірді. Ю.Амано сондай-ақ бірқатар халықаралық БАҚ-тарда таратыл­ған Қазақстанның Иранмен осы елге уран өнімін беру жөнінде мә­мілесі орын алды-мыс дейтін ақ­па­ратқа байланысты Қазақстан­ның ұстанымы туралы жедел мәлімдеу жасағанына алғыс айтты. Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Ю.Ама­ноны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Шақы­ру қанағат сезімімен қабыл алы­нып, сапар мерзімі диплома­тия­лық арналар бойынша келісілетін болды.