Аймақтар • 28 Мамыр, 2017

30 мың бала «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 107 миллион 800 мың теңге бөлінбекші.

30 мың бала «ЭКСПО-2017» көрмесіне барады

Павлодар облысы білім беру басқармасының хабарынша, Астанада өтетін халықаралық көрмеге жазғы демалыстағы бұл мүмкіндік өңірдегі оқу үздіктері мен жетім және аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларының балалары үшін жасалып отыр.

Сонымен бірге, балалар еліміздің мәдени-тарихи орындарына саяхат жасайды. Өңірде  биылғы жазғы демалыс және сауықтырумен 91450 оқушы қамтылады. Бос уақытты қамтудың барлық түрін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 392,9 миллион теңге бөлінеді.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы