Қазақстан • 29 Мамыр, 2017

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

139 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Қостанай облысында найзағай болады, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз жел жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін, ал түнде кей жерлерде 15-20 м/с дейін артады.

Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл болады.

Маңғыстау облысында күндіз желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін жетіп, шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.