23 Қаңтар, 2010

ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ МЕН ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ ІЗДЕНІСТЕР

1461 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Құқықтық саясат тұжы­рым­дамасының негізгі қағидалары аясында Қазақстанның қылмыстық саясатын одан әрі жетілдіру бағытындағы жобалар одан әрі жалғасуда. Бұл орайда “Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекет ретіндегі шынайы бет-бейнесін қалыптастыру бағытында қандай ауқымды жұ­мыс­тар қолға алынуы қажет” деген сауалдың да көпшілік көңілінде тұратындығы жасырын емес. Сонымен қатар, еліміздің қыл­мыс­тық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адам құқықтарының жай-күйіне шетелдік сарапшылар тарапынан кейбір кездерде талап деңгейінен төмен, анығырақ айтқанда, әділ баға берілмеуі құқық қорғау ұйымдары мен заңгерлер және ғалымдар тарапынан алаңдаушылық туғызып отырғандығы жасырын емес. Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен “Қазақстан Республикасында қыл­мыстық саясатты либерал­дан­дыру болашағы” атты дөңгелек үстелде, міне, осы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан Консти­ту­ция­лық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет минис­тр­лігінің және өзге де құры­лым­дардың, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының, БҰҰ-ның Даму бағдарламасының өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сала бас­шыларының пікірінше, Қазақ­стандағы қылмыстық-атқару жү­йесінің жағдайы мен болашағы қылмыстық саясатпен, мемлекеттік басқарудың түрлі буынының қызметін жетілдіру, қылмыспен күресу және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытын белгілеуде тұжырымдамалық бастамаларды дамытумен байланысты екендігі сөзсіз. Конституциялық Кеңестің мүшесі Николай Белоруков өз сөзінде Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырым­да­масындағы маңызды міндеттері туралы айта келіп, еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің бүгінгі ахуалына да тоқталды: Дегенмен, бүгінгі таңда сот­тал­ғандардың қатары өзге елдермен салыстырғанда көптеу. Алайда мұның өзі, – деді ол, үкім шығарған соттардың барлығы бірдей қатыгез дегенді аңғартпайды. Сондықтан да келешекте бұл проблемаларға тереңірек үңіліп, қылмыстық-атқару жүйесі жұмыстарын жетілдіруді шұғыл түрде қолға алудың пайдасы мол болмақ. Сотталғандардың өз отбасымен байланысын, қарым-қатынасын қалыпқа келтіру, түзету мекемелерінде электрондық бақылау жүйесін орнату және бұл бағыттағы өзге де іс-шаралар жүзеге асырылуы бүгінге дейін күрделенген көп түйіннің шешімін табатындығы айтпаса да түсінікті. Атап айтарлығы, мұнда ойлап қараған адамға, соншама қиын, күрделі ештеңе де жоқ, ең өзектісі, нақты жұмысты іске асырса болды, ал сала мамандарының оған тәжірибесі толықтай жетеді. “Қазақстан Республикасында қылмыстық саясатты либералдандыру болашағы” атты дөңгелек үстелде өз пікірлерін білдірген сала мамандары сотталғандардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы бағытындағы кейбір келеңсіздіктерді де ашып айтты. Сондай-ақ қазіргі уақытта сотта үкім шығарар кезде жазаның басым түрі – бас бостандығынан айыру болып отырғаны да қын­жыларлық жәйт екендігі ақиқат. Әділет министрлігі Қылмыстық-ат­қару жүйесі комитеті төрағасы, әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаевтың пікірінше, “әр уақыттың өз талабы, өз шешімі болатындығы даусыз”. – Менің ойымша соттың бас бостандығынан айыруға балама шараларды белсене қолдануы үшін осындай шаралардың орындалуына жауапты байқап көру институтын дамыту және қоғамдық қауіп тудырмайтын қылмыстарды әкім­­шілік құқық бұзушылық санатына ауыстыру қажет. Сондай-ақ оларды жасауда әкімшілік жауапкершілікті күшейту, жекелеген қылмыстық жа­заларды деңгейіне қарай әділ бағалаған жөн, – дейді ол. Сонымен, қылмыстық-атқару инспекцияларын институттық дамытумен байқап көру (пробация) қызметі қарқынын артты­руға және одан әрі қа­лыптастыруға ықпал етпек. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.