Теннис • 31 Мамыр, 2017

Қазақстанда «Пинг-понг ханшайымы» турнирі басталды

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында пинг-понг турнирі басталды. Бұл туралы бүгін «Бауыржан» қайырымдылық қоры Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы, Қазақстан Республикасының үстел теннис федерациясының қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

Қазақстанда «Пинг-понг ханшайымы» турнирі басталды

Жоба үйлестірушісі Майра Әлжанова өз сөзінде, - Қорымыздың 13 жылдық тарихында «Пинг-понг ханшайымы» турнирінің қадам басуы баршамызға көптен күткен бастама болды. Әсіресе, спортқа оның ішінде үстел теннисінен балалар үйлерінің жас қыздары үшін арман ғана емес, өз бақтарын сынауға мүмкіндік берер үлкен жоба. Жеңімпаздарымызды Қытай еліне жіберудің де бірден бір мақсаты – оларды спорт көкжиегіне жетелеп ындаландыру, – деді ол.

«Пинг-понг ханшайымы» турнирінің алғашқы іріктеу ойындары Қазақстанның барлық аймақтарында шілде айының 3-28 күндері өтеді. Ал финал ойындары тамыз айының 22-24 аралығында Алматы қаласында басталмақ. Пинг-понг ханшайымдарына Қытай еліне барып танымал спорт саңлақтарынан шеберлік сыныбынан өту мүмкіндігі беріледі.

ҚХР саяси бөлімінің басқарушысы Чжан Сяоцин:

"Бұл турнир әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етері сөзсіз. Себебі, балалардың жеңіске деген зор талпынысы, сенімі бар".

«Пинг-понг ханшайымы» деп аталатын бұл әлеуметтік жоба Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында Қытай еліне баруға мүмкіндік беретін үстел теннисінен турнирі. Турнир қортындысы бойынша жеңімпаздар Пекин қаласындағы спорт академиясының жаттықтырушыларынан үстел теннисінен арнайы шеберлік сыныбынан өтуге мүмкіндікке ие болады. Турнир қыздар арасында 2-жас ерекшеліктері бойынша өтеді: 7– 10 жас пен  11 – 15жас аралығы. Жарыс 11 ұпайға дейін саналатын 3- партиядан өтеді.