Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Елімізде 538 жастар ұйымы бар

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов айтты.

Елімізде 538 жастар ұйымы бар

«Жастар саясаты да жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін түрлі шаралар атқарып жатыр. Біз жастардың әлеуметтенуіне көп көңіл бөлудеміз. Себебі, қоғамның арасында жүрген жастар ол ортада не болып жатқанын біліп жүреді, бір-бірімен ақпарат алмасады, көзі ашық, көкірегі ояу болып қалыптасады. Оны жүзеге асыратын бізде 538 жастар ұйымы бар. Олар Қазақстанның барлық өңірінде орналасқан. Жастардың әлеуметтенуі не үшін керек? Ең бірінші ол адамды адасудан сақтайды. Адам қашан адасады. Ол оңаша, жалғыз қалғанда түрлі ойдың соңында кетеді. Сондықтан жастардың мейілінше қоғаммен байланысуына қолдау көрсету керек», деді ол.

Жиын барысында Министрлік өкілдері Діндерді зерттеу ассоцациясы деген қоғамдық бірлестікпен бірге тығыз байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқандарын тілге тиек етті. Сонымен қатар, олар діни ақпараттық жұмыстарды іске асыруда ақпараттық-ағартушылық «Kazislam.kz» сайтының орны айрықша екенін алға тартты. Аталған порталда тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың бойында діни радикализм, экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы иммунитет қалыптастыру тақырыптарын қамтитын ақпараттық материалдар тұрақты түрде жарияланып отыратынын жеткізді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар