"Әзірге үш тобымыз бар. Болашақта кеңейтемiз деген ойдамыз. Мемлекет тарапынан әр балаға субсидия төленеді" , - дейді ол. Өскемен қалалық бiлiм бөлімінің бас маманы Айгүл Ережепова қазіргi таңда Жібек маталар ықшам ауданында 1050 баланың балабақша кезегінде тұрғанын айтады.
"Өскеменде жеке меншік мемлекеттік серіктестік аясында бұған дейін 19 балабақша ашылды, бұл - жиырмасыншысы. "Ақбота" балабақшасы осы ықшам аудандағы балабақша кезегін азайтуға септеседі деп ойлаймын" , - дейді бас маман.
Азамат Қасым,
"Егемен Қазақстан"
Өскемен