Білім • 05 Маусым, 2017

Ауыл мектептеріндегі алшақтық азайсын

749 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ауылдық мектепте оқитын қабілетті балаға ұлағатты ұстаз кез болмаса оның бойындағы қасиет жанбай жатып сөнуі ғажап емес. Жолдауда айтылғандай, мектептер мен мұғалімдердің деңгейі ауыл мен қалада әртүрлі.

Ауыл мектептеріндегі алшақтық азайсын

Ашығын айтқанда, қазіргі күні ауылда білімді де білікті педагогтардың жетіспеушілігі бар екені талас туғызбайды. Оны қалай реттеуге, жоғарыда айтылғандай, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақ­тығын қандай жолдармен азай­туға болады? Біз, бұл сауалға өңір­дегі білім беру ошақтарының мысалында жауап бергенді жөн көрдік. 
 Ауылдың да ауылы бар. Айталық, аудан орталық­та­рын­­дағы орта мектептер мен бұрынғы кеңшар, бөлімше, фер­­­малардың орнындағы бі­лім беру сапасының өзі бір­дей бола бермейді. Бүгінгі бі­лім беру жүйесінің тілімен ай­т­қан­да шағын, жинақты мек­теп­тердің 100 пайызға жуығы осы елді мекендерде ор­налас­қан. Сондықтан, Елбасы Жол­дауында қойылған міндетті орындау үшін бірінші кезекте осы шағын жиынтықты мектеп мұғалімдерінің біліктілігін кө­те­руге баса мән беру керектігі ай­­қын көрінеді. Бұл үшін не іс­теу керек? Істі неден бастаған жөн? 
Осы орайда облыстық бі­лім басқармасы үйренуге әрі үлгі алуға тұрарлықтай үрдіс­ке бас­тамашы болды. Жар­қын жоба «Каникулдық мектеп» деп аталады. Аймақта Жол­дауда көрсетіл­ген міндетті іске асыру үшін үш жыл­дық жос­пар бекітілген. Аталған жоба осы жоспардың алғаш­қы қар­лығаш-қадамы болып табылады. Облыстық білім бас­қармасының басшысы Сәуле Өмір­­бекованың айтуынша, биыл енгізілген «Каникулдық мектеп» жобасын Қобда, Мұғалжар және Хромтау аудандарында құ­рылған ресурстық мектеп базаларында жүзеге асыру көз­­делген. Мұндағы мақсат – педа­гогикалық тәжірибе ал­масу. Аталған аумақтарға жа­қын орна­ласқан аудандардағы шағын жи­ынтықты мектептердің мұғалімдерін шақыру үрдіске енгізіле бастады. Жоба негізінен күзгі және қысқы каникул кез­дерінде өз шапағатын көбірек тигізетіні де анық байқалып жүр. Сондай-ақ, көктемгі демалыс уақыттарында да «Каникулдық мектептер» жұмысын жалғас­тыра береді. Осы жоба басталған кезден бері облыстағы 1500-ден астам ауыл мұғалімі өз бі­лім­­дерінің деңгейін көтеріп үлгерген. Бұл тәуір нәтиже екені белгілі. Сонымен бірге, семинарлар мен ашық сабақтардың да шағын жиынтықты мектеп­тің мұғалімдеріне берген та­ғы­лымы жетерлік. Үш жыл­дық жоспардың іске аса бас­тауы­ның тағы бір көрінісі – об­лыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақ­төбедегі Назарбаев зияткерлік мектебі ара­сындағы меморандум. Зият­кер­лік мектептің негізінде ауыл мұғалімдерінің білім беру маз­мұнын жақсартуына жол ашылды. Соған сәйкес облыстағы жетекші және тірек мектептерінің қатары өсіп, ауыл мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығы құрылды. 
Ауылда білікті педагог­тардың жетіспеуі ағылшын тілін енгізуге де кереғарлық кел­тіріп отыр. Мәселе − ауыл мек­теп­терінде ағылшын тілін же­тік меңгерген мұға­лім­дер­дің тап­­шылығында еке­нін ашып айт­қан жөн. Ты­ғырықтан шы­ғудың бас­ты жолы ретінде ұзақ мер­зімді даярлық курстарын ұйым­дастыру белгіленген. 
Өткен жылы нақты пәндер­ден сабақ беретін қырық ауыл педагогы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің әдісі бойынша даярлық курсынан өтті. Биыл 120 ауыл мұ­ғалімін он айлық курстан өткізу көзделген. Мұ­ның сыртында 170 ауыл мұға­лімі ұзақ мерзімді курс­тарда дәріс алмақ. Мұның арасында ағылшын тілі пәні мұға­лімдерінің үлес салмағы жо­ғары. Бұл үшін олар Астана мен Алматыға, тіпті облыс орта­лығына барып әуре-сарсаң болмайды. Республикалық «Ұстаз» білім беру орталығының мамандары ауылдарға барып, жергілікті педагогтарға дәріс береді. Биік мақсатты ұстанған іс-шаралар биыл Хромтау ауданынан бастау алды. Соған сәйкес ауыл мұғалімдері қыз­меттен қол үзбей-ақ сегіз айлық курстен өтеді. Биыл­ғы наурыз айында «Шағын жи­нақты мек­тептің үздік басшысы» атты сырттай облыстық бай­қау өткі­зілгені ауылдағы білім бе­ру ісіне жетекшілік жасау жау­ап­­­кер­шілігін көтере түскені кәміл. 
Мұндағы басты мақсат – шағын жинақты мектептердегі басқару жүйесін жетілдіру және іскер басшы туралы оң көзқарас пен қоғамдық пікір қалыптастыру деді, басқар­маның жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекова. Сырттай байқау шағын жинақты мектепті бас­қарудағы басшының озық іс-тәжірибесін анықтауға жә­не оны таратуға әжептәуір септігін тигізіпті. Сондай-ақ бұл байқау мектеп басшысы ин­новациялық тәжірибелерге қандай деңгейде қолдау көр­сетіп отырғанын анық­тауға да алғышарт қалады. 

Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы