Бизнес • 05 Маусым, 2017

Оңтүстікте қарбыз егістігі азайды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Оңтүстік Қазақстанда 160 мың тонна қарбыз егілді, деп хабарлайды Хабар24.

Оңтүстікте қарбыз егістігі азайды

Бұл көлем жылдағыдан аз. Бұған өңірдегі кейбір шаруалардың егістік шығындарын уақытында игере алмауы мен әрі қаржы тапшылығы себеп болыпты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері: «өткен жылы қарбызға нарықта сұраныс та аз болған. Енді аймақта мақта мен мақсыр өсіру жоспарланып отыр.

Дегенмен, бұл жағдай нарықта қарбыздың тапшылығына әсер етпейді. Осы жылы одан 1 млн 100 мың тонна өнім алынбақ. Оңтүстіктің қарбыздары негізінен Ресей Федерациясына экспортталады.

"Егістік көлемінің қысқару себебі, біріншіден, ағымдағы жылдан бастап министрлік тарапынан көкөніс, бақша дақылдарының субсидиясының тоқтатылуына байланысты, екіншіден, ерте мерзімде пісетін дақылдарға пленкаларға қаржының тапшылығынан қысқарып отыр", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Кеңесбек Алпысбаев.