ЭКСПО-2017 • 06 Маусым, 2017

ЭКСПО-ға 390 билет алып берді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарма ауданының 400-ге тарта тұрғыны Астанада өтетін ЭКСПО көрмесін тегін тамашалайтын болды.

ЭКСПО-ға 390 билет алып берді

Аудан тұрғындарына мұн­дай мүмкіндікті ұсынып отырған – осы өңір аумағында алтын өндірумен шұғылданып жатқан «Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны». Жақын­да кәсіпорын басшысы Ю.Ов­чинников аудан әкімі Нұр­лан Сыдықовқа «Экспо» көр­месіне демеушілік мақсатта бөлiнген, 2 миллион теңгеден астам қаржыға сатып алын­ған, әрқайсысы 6 мың теңге тұратын 390 билетті салтанатты түрде табыс етті. «Кәсіп­орын ұжымына алғыс айтамыз. Бұл билеттер ең алдымен, аудан­дағы  соғыс және тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жә­не дарынды оқушыларға берілетін болады», деген аудан әкімі көрмеге баратындардың жолы мен жүріс-тұрысына қо­сымша 14 мың теңгеден бөлі­нетінін жеткізді.

Реті келгенде айта кетейік, аудан тұрғындары осы уақытқа дейін ЭКСПО көрмесінің 1750 билетін сатып алыпты.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы

 

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38