Жиын 12 мен 15 жастағы балалар үшін ұйымдастырылатын болады. Лагерьдің әрбір ауысымы 10 күнге созылады. Жиынға Гвардейск, Аягөз, Үшарал, Сарыөзек және Приозерск гарнизондарында тұратын балалар қатысады. Барлығы бес ауысым ұйымдастыру жоспарлануда.
«Жас сарбаз» әскери-спорт-
тық жиыны бағдарламасында мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралардың кең түрі жоспарланған. Олардың қатарында Алматы шаһарының көрікті жерлеріне саяхат жасау, концерттік бағдарламаларды, әртүрлі ойын-сауық байқауларын өткізу, шеберлік сабақтарын өткізе отырып, АОСК-нің танымал олимпиадалық спортшыларымен кездесу де бар.
Бұдан басқа, балалар үшін Панфилов кентіндегі АОСК-нің оқу-жаттығу орталығына бір күндік экскурсия жоспарланған. Ол жерде Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубының білікті нұсқаушылары кедергілер жолағын еңсеру, әртүрлі спорттық снарядтардағы жаттығулар түрімен танысады. Сондай-ақ, арқан саябағында скалодром мен пейнтболдағы сабақтар бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
«Егемен-ақпарат»