Айта кетейік, бүгінде облысымызда «ЭКСПО-2017» көрмесіне 140 мың билет сатылған. Әлемдік деңгейдегі шараға облысымыздың оқушылары да қатысатын болады. Яғни өңірден 3750 баланы көрмеге алып бару жоспарланып отыр. ЭКСПО көрмесінен мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер және зейнеткерлер де назардан тыс қалмайды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жасақтаған тізімімен 179 адам көрме нысандарын тамашалай алады.
Бұдан бөлек, «Шымкент-Астана» бағытында жүретін поезд 86 вагон 3044 орынмен толықтырылып отыр. Әуе бағытында да 16 755 қосымша орын бөлінген.
«Қазіргі таңда «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару кестесі әзірленуде. Облыс тұрғындарының орналасу мәселесі де шешілген. Бұл мақсатта Қазақстан Агротехникалық Университеті мен Қазақстан Ұлттық Өнер Академиясынан күнделікті 600 орын брондалады. Уақытша тұрғын үйге