ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Малайзия павильонында көбелек көп болады

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасылдандыру жұмысында Малайзия «көбелек эффектісін» қолданады. Бұл туралы елдің EXPO-2017 көрмесіндегі павильонының комиссары Зайни Уджанг мәлімдеді.

EXPO-2017. Малайзия павильонында көбелек көп болады

– Кішкентай қадамның өзі үлкен адымның басы болуы мүмкін. Жасылдандыру жұмысында біз осыған иек артамыз. Сол себепті, біздің павилонымыздағы шаралардың көпшілігі көбелекпен байланысты. Көп көбелек болады, әсіресе, Малайзия аумағында өмір сүретін ұлттық көбелектеріміз көп болады. Біз баршаны «жасыл» болашақты бірге қалыптастыруға шақырамыз, – деді Зайни Уджанг.

Оның айтуынша, Малайзия күн панельдерін көп шығаратын елдердің бірі саналады. 2030 жылға қарай елде тұтынылатын қуаттың 21 пайызын жаңғырмалы көздерден алу жоспарланып отыр.

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»