30 Қыркүйек, 2011

Тұрғын үй дебюті

404 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Дебют дегеніміз – шахмат партиясының баста­ма­сы. Жақсы бастама жасау тек шахматтағы сәттілікке ғана байланысты емес. Сәтті дебют– пәтер, немесе үй сатып алғанда да кездеседі. Пәтер мәселесін шешудің қандай тәсілдері бар екен? Алғашқыда қиын болып көрінетін осындай сұраққа, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» лайықты жауап тапқан: төмен пайыздық мөлшерлеменің үйлесімі мен тиімдісі тұр­ғын үй құрылыс жинақ жүйесі. Баспана іздеудің әдеттегі жолы – барлық банктерді шарлап, түрлі газеттердегі хабар­лан­дыруларды саралап шығу. Және ең өкі­ніштісі, қолайлы шарттардың және қажетті жағдаймен берілетін несиелердің жоқтығы. Өкінудің қажеті жоқ, себебі, іздеген адам қашан да іздегенін табады. Ғаламтордан «пә­тер сатып алу жолдары» деген сөз тіркестерін теріп көрейік. Көптеген сілте­ме­лер­дің ара­сында «Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінің» сайтында және Премьер-Ми­нистрдің ресми сайтында орналасқан «тұр­ғын үй жинақ­таулары» атты сөз көзге ілінеді. Бір сөзбен айтқанда, тұрғын үй мәселесі жалпы халық­тың мәселесі емес, сонымен қатар мемлекеттік маңызы бар іс. Аталған жүйе несімен ерекшеленеді? Біріншіден, бұл бағдарламаға алынған несие төлеуге мүмкіншілігі жетерлік барлық азаматтар қатыса алады. Екіншіден, іс келісімі өте қарапайым: 50%*50%. Салымның жар­ты­сын салымшы жинақтаса, қалған жарты­сын Банк тұрғын үйді иемдену, пәтер жөн­деу, немесе үй тұрғызу мақсаттарына заем ұсынады. Са­лымшы жылдық 2 % мөл­шерінде сыйақысы бар қор жинақтайды. Ең жоғарғы жылдық тиімді сыйақы мөлшері 12,7 % құрайды. Пай­ыздық мөлшерле­ме­лер­ді жинақтаудың бар­лық кезеңінде­ тұрақты болып табылады, яғни салымшылардың мүдделері Банк үшін аса маңызды. Үшіншіден, жыл сайын мемлекет тара­пынан салымшыларды ынталандыру мақса­тында 20% көлемінде сыйлықақы беріліп, ол өз кезегінде төлем жинақтауға үлкен серпіліс береді! Салымшы өз жағдайы мен мүмкіндігіне қарай, қолайлы жинақтау мерзімін таңдай алады. Мысалы, «Бастау» тарифтік бағдар­ла­масы. Аты айтып тұрғандай, бұл бағдар­ла­мамен сенімді жинақтау жүргізуге бо­ла­ды. Жинақтау мерзімі де айтарлықтай көп емес, небары 3-3,5 жыл, бұл жағдайда тұр­ғын үй несиесі 6 жыл мерзімге беріледі. Тұр­ғын үй заемы бойынша жылдық пайыз­дық мөлшер­леме 5% (тиімді жылдық сый­ақы мөлшер­лемесі 5,3% дейін). «Өркен» тарифтік бағдарламасы арқылы сізге баспана мәселесін шешуге үлкен же­ңілдік қарастырылған. Жинақтау жобасы­ның мерзімі шамамен 5,5 жыл. Баспана не­сиесінің жылдық сыйақы мөлшері 4,5% (тұр­ғын үй заемының жылдық тиімді сый­ақы мөлшер­лемесі – 4,7% дейін). Тұрғын үй несиесін беру мерзімі — 10 жылға дейін. «Кемел» бағдарламасы бойынша да жи­нақтауға мүмкіндіктер бар. 15 жылға дейін несие берудің жинақтау уақыты – 8,5 жыл. Тұрғын үй заемын берудегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 4% құрайды (тұрғын үй зае­мының жылдық тиімді сыйақы мөлшер­ле­месі – 4, 2% дейін). Келешекте қажет болатын «Болашақ» тарифтік бағдарламасына қосылу мүмкін­дігін бүгіннен бастап ойластыру абзал. Атал­ғ­ан бағдарлама өскіншектердің баспана мәселесін шешуге бағытталған. Осыны ескере отырып, 15 жыл бойы қаражат жинақ­та­ған жөн, содан соң несие 25 жылға ұсы­нылады. Тұрғын үй заемын берудің жылдық сыйақы мөлшер­лемесі – 3,5% құрайды (тұр­ғын үй заемының жылдық тиімді сый­ақы мөлшерлемесі – 3,6% дейін). Тұрғын үй бойынша несиелеудің тиімді шарттары. Клиенттердің деңгейіне байланысты Банк­те үш түрлі тұрғын үй несие түрлері бар: тұрғын үй заемы, аралық тұрғын үй заемы, алдын-ала тұрғын үй заемы. Шарт сомасының 50%-ын несиелеудің жыл­дық мөлшерлемесі 3,5%-5% негізінде жи­нақтаудың ең кең тараған түрі – ол тұрғын үй заемы. 2011 жылдың 1 шілдесінен, желтоқсан айы­ның 25-не дейін несиелеудің екі түрі бойынша пайыздық мөлшерлемелер төмен­де­тілді. Пайыздық мөлшерлемелердің тө­мен­де­тілуі – баспана сатып алуды, немесе үй салуды тездететін бірден-бір құрал бо­лып табылады. Әрине, адамдар да, олардың басындағы жағдайлар да сан түрлі болады. Егер де, салымшылардың қолындағы қаражат сатып алар үйдің 50 пайызын құраса, немесе оны жылдам жинақтаған болса, оларға аралық тұрғын үй несиесі тура сәйкес келеді. Ара­лық тұрғын үй несиесі бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,5% құрайды (тұр­ғын үй заемының жылдық тиімді сыйақы мөл­шер­лемесі –17,5%-ға дейін). Сондай ақ, бұл деңгейдегі клиенттер аралық тұрғын үй зае­мын 9,5% жылдық пайыз мөлшер­ле­ме­сімен «Жеңіл» бағдарламасы арқылы алу­ы­на бо­ла­ды. Тұрғын үй жылдық сыйақы мөл­шер­ле­месі 9,5% (жылдық тиімді сыйақы мөл­шер­лемесі –15,7% дейін). Негізгі қа­рыз­ды өтеу­сіз, несиеге 3 жыл қызмет көрсету – «Жеңіл» бағдар­ла­масының негізгі ерекшелігі болып табылады. Көрсетілген уақытта тек сый­ақы төлемі ғана өтеледі де, осылай клиенттерге төлем жүргі­зуге жеңілдіктер жасалынады. Бірден баспана сатып алатын клиенттерге Банк арнайы алдын-ала тұрғын үй заемын жинақтаусыз беру қарастырған. Осы заемды алу үшін алдын-ала заем бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11% құрайды (жыл­дық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,1% дейін). Егер келісілген соманың 25 пайызы мерзімнен бұрын жиналып тұрса, алдын-ала несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10,5 пайызды құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,3 пайызға дейін). Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдар­ламаларына қатысу мүмкіндіктері. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көп­те­ген мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдар­ламаларының қатысушысы болып табыла­ды. Осы жылы 2011-2014 жылдарға бағыт­тал­ған Банк пен облыс әкімдіктері қатыса­тын тұрғын үй құрылысы туралы бағдарла­масы қабыл­дан­ды. Бір шаршы метр толық даярланған баспана бағасы Алматыда 142 500 теңге, Астана мен Ақтауда 112 500 тең­ге, ал қалған аймақтарда 90 000 теңге. Бір сөзбен айтқанда, тұрғын үй пулына қатысу үшін өтініш қабыл­дау туралы хабарлан­ды­ру­ларды мұқият бақы­ланыздар! Дебютте жеңіске жету үшін уақыт бағалы. Осы ереже тұрғын үй құрылыс жи­нақ­тарында да маңызды. Сіз, осы мақаланы оқып отырған кезде 200 Банк салымшылары бақытты пәтер иесі атанды. Ойларыңызды таразылап, дұрыс қадам жасау үшін осыны ойланып көріңіз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – төзімділер мен үнемділер уақыты! Ибраһим Каппасов. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақ­­тау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 46-62-26, Көкшетау қ., 32-35-60, Шым­­кент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz