Министрлердің жүздесуіне Мемлекет басшылары арасында алдын ала жасалған уағдаластық негіз болды. Келіссөз нәтижесінде екі елдің химиялық компаниялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта Қазақстанда полиэтилен, полипропилен және метанол өндіру жобаларын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай-ақ, қос тарап мұнай өндірісін үйлестіру және баламалы энергия көздерін дамыту мәселелерін де талқылады.
"Сауд Арабиясы Қазақстанмен әріптестік байланысты нығайтуға мүдделі. ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы жаһандық мәні зор мереке. Оның «Болашақ энергиясы» деген тақырыбы біздің мемлекет үшін де маңызы зор", деді Халил Абдулазиз Әл Фалих.