Аймақтар • 10 Маусым, 2017

Өскеменде "Әскери керней" фестивалi өтті

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Ұлттық Ұланның қолбасшысының жүлдесі үшін әскери оркестрлер арасында Vl "Әскери керней" фестивалi өтті. 

Өскеменде "Әскери керней" фестивалi өтті

Биылғы шараға облыс орталығының 5518, Семейдiң 5511, Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімдерінің әскери оркестрлері қатысты.

"Олар фестивальде қазақстандық сазгерлердiң бiр туындысын, бiр классикалық және екi еркін форматтағы әуендерді орындады", дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.

Сайыс қорытындысында Өскеменнің әскери оркестрі бiрiншi, Павлодар екiншi, Семей үшінші орынды иеленді. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрінің құрамасы 22-23 маусымда Астанада өтетін Vl республикалық "Әскери керней" фестивалiне қатысатын болады.

Азамат ҚАСЫМ, 
"Егемен Қазақстан"