30 Қыркүйек, 2011

«Қазақша сөйлесейік!» шарасы басталды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізетін еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларындағы «Қазақша сөйлесейік!» қоғамдық республикалық шарасы 3 жылдан бері үздіксіз жалғасып келеді. Осыған орай, жақында Астана қа­ла­сы­ның теміржол сапаржайында Мемлекеттік тіл­ді дамыту Президенттік қорының қолда­уы­мен «Қазақша сөйлесейік!» атты қоғам­дық рес­пуб­ликалық акция өтті. Қоғамдық жолау­шы­лар тасымалдайтын орын болған­дықтан, өт­кен-кеткен жүргіншілер қызы­ғу­шы­лық таны­тып, өз пікірлерін білдіріп жат­ты. Өз ана тіліне шорқақ кей қандас­та­ры­мыздың бар кінәні кеңестік дәуірдің қатал саясатына аударып, ақталатындары жасы­рын емес. Әйтсе де «өз бетімізше үйреніп жатырмыз», – деген секілді жылы пікірлері жа­нымызды жадыратты. Бұл ретте, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үй­ренуге деген талап-талпыныстары жоғары екен­дігін атап өткен маңызды. Көпшілік та­рапынан әсі­ре­се, сөздікке қоса берілген дискі, бүктеме-плакаттарға сұраныс ерекше бол­ды. Игілігіне жаратса.. Бұны жақсы­лықтың нышанына баладық. Шара мақсаты – мемлекеттік тілдің қо­ғам­­­дағы рөлі мен маңызын арттыру, қазақ ті­лінің қолданыс аясын кеңейтіп, халық ара­сында ке­­ңі­нен насихаттау. Іс-шара бұдан былай да елі­­міздің барлық аймақтарын қам­титын болады. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.