Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.