Әлем • 11 Маусым, 2017

Үздік фильмдердің рейтингі жарияланды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең танымал кинокартиналардың тізімі жасалды. Empire журналы жүргізген сауалнамаға 20 мың адам қатысқан.

Үздік фильмдердің рейтингі жарияланды

Бұл тізімде 1972 жылы шыққан «Крестный отец» фильмі көш бастап тұр. Кинокартина Марио Пьюзо романының желісімен түсірілген. 2-орынға Джордж Лукастың 1980 жылы шыққан «Звездные войны: Эпизод 5 — Империя наносит ответный удар» фильмі тұрақтады. Үздік үштікті Кристофер Ноланның «Темный рыцарь» (2008) картинасы түйіндеді.

Үздік ондыққа «Побег из Шоушенка», «Криминальное чтиво», «Славные парни», «Индиана Джонс: В поисках утраченного ковчега», «Челюсти» и «Властелин колец: Братство кольца» фильмдері енді.