Қазақстан • 11 Маусым, 2017

Елордада Люксембургтың құрметті консулдығы ашылды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Люксембург Ұлы Герцогтігінің құрметті консулдығы ашылды.

Елордада Люксембургтың құрметті консулдығы ашылды

Жиынға Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель қатысты. Елімізде жұмыс сапарымен жүрген мейман көпұлтты мәдениетімізбен жақынырақ танысқанын айтты.

Айта кетерлігі, 1992 жылдың 29 маусымында екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Өткен жылдың қортындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 60 пайызға өсіп, 18 млн доллардан асты. Люксембург Қазақстанға көлік құралдарын, электр техникалық жабдықтар, тоқыма маталары мен металл экспорттайды.

- Қазақстанмен 25 жыл бойы қарым-қатынасын нығайтып келген Люксембургтің Астанада бұрын өз консулдығы болмаған еді. Бүгінгі жиынға екі елдің экономикасы мен ішкі қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың қатысқаны ашылу рәсімінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Өз басым бұл консулдыққа жиі келіп, елдің түрлі құрылымдарының өкілдерімен жиі кездесіп тұруға тырысамын. Біз бұл жерде ортақ бастамалар мен жобаларды іске асыратын боламыз, - деді Қазақстандағы Люксембургтің Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Клод Кнебелер.