30 Қыркүйек, 2011

Әскери келісімге келді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қорғаныс минис­­трінің орынбасары, генерал-майор Талғат Жан­жүменов бастаған қазақстандық әскери делегация «Нижний Тагил-2011. Ресей қару-жарақ көр­­месі» атты VIII халықаралық қару-жарақ пен әс­кери техника және оқ-дәрілер көрмесіне қатысты. Мұнда небір әскери қаhарлы техникалардың ұрыс кезіндегі мүмкіндіктері кедергілермен жүру арқылы көрсетілді. Сол сияқты жауын­гер­лік, инженерлік-саперлік және автокөлік тех­ни­­каларының мүмкіндіктері жаттығуларды жүзеге асыру барысында көпшіліктің көз алдында өтті. Көрмеде Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Владимир Путинмен Қазақстан Рес­­­публикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Жанжүменов кездесіп, Ресей үкіметінің басшысына екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешекте даму барысы туралы хабарлады. Ал Ресей Федерациясының Премь­­­ер-Ми­нистрі екіжақты байланыстың болашақта да­муы­на қызығушылық танытты. Көрме жұмысының қорытындысы бойынша екі ел арасында бірлесіп танк жасау, авто­құ­­рылыс, әуе шабуылына қарсы жүйелерге қызмет көрсету сияқты келісімдерге қол жеткізілді. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.