30 Қыркүйек, 2011

Әлеуметтік маңызы зор шара

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев пен Астана қаласының әкімі  Иманғали Тас­ма­ғамбетов Қазақстан Республикасы Тәу­ел­сіз­дігінің 20 жылды­ғына орай 28-29 қыр­күйек күндері Астанада өткен Қостанай, Қы­зыл­ор­да және Оңтүстік Қазақстан облыс­та­ры­ның ауылшаруашылық тауарлары жәр­мең­кесін аралап көрді. Мемлекеттік хатшы ал­ды­­мен «Думан» ойын-сау­ық ор­т­алығы жанындағы алаңда өтіп жатқан Қызыл­орда облысының жәрмең­кесіне келді. Облыс әкі­мі Болатбек Қуандықов Мемлекеттік хатшы мен Астана қа­ла­сының әкімін Сыр өңі­рінен әке­лініп жәрмеңкеге қойылған ауыл шаруа­шы­лы­ғы еңбек­кер­ле­рінің өнім­дерімен таныс­тыр­ды. Одан кейін Қанат Саудабаев пен  Иманғали Тасмағамбетов «Отан-Ана» монументі ма­ңай­ын­дағы алаңда қанат жайған Қостанай облысы­ның ауылша­руа­шылық тау­ар­ларын өндіру­ші­лерінің өнімдері қойылған жәрмең­кені аралады. Келесі кезекте Астана қа­ласы әкімдігі алдындағы орта­лық алаңда ұйымдас­тырылған Оң­түстік Қазақ­стан облысының азық-түлік тау­ар­лары жәрмең­кесін және өңір қолөнер ше­бер­лерінің қолынан шыққан өнер туындыларымен танысып, Мем­лекеттік хатшы ел тәу­ел­­сіздігінің 20 жылдығы қар­са­ңын­да өткізіліп жат­қан елор­да­дағы облыс­тар­дың мәдени күндерінің маңыздылығына тоқталды. Қанат Саудабаев 28-29 қыркүйек аралығында өт­кен үш облыстың ауы­л­ша­руашылық тауарлары жәрмең­кесінің әлеуметтік мәні мен маңызын ерекше атап көрсетті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.