Жас бишілердің жетекшісі Алена Маринецтің жүрекжарды қуанышына қарағанда, төрт аталым бойынша өз өнерлерін көрсетіп, үшеуінде олжа салған. Қазылар алқасы орындалуы жағынан өте күрделі "Вдохновение" биін жоғары бағалап, Гран приге лайық деп шешкен. 11 мен 13 жас аралығындағы қыздар ұжымы сыннан еш сүрінбей өткен.
«Қарсыластарымыз өте күшті болды. Әсіресе, Астана, Алматы, Орал қалаларынан келген құрбыларымыз өз өнерлерімен таңдай қақтырды», – дейді "Экспромт" халықтық би театрының бишісі Яна Вайц.
Өмір Есқали.
«Егемен Қазақстан».