Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Алматының арқауы

131 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматының Астанадағы мәдени күндері басталды. Елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Алматыдан махаббатпен» атты концерттік шара ұйымдастырылып, мәдени күндердің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында өткізіліп жатқаны белгілі болды.

Алматының арқауы

Концерт шымылдығын Алма­ты қаласының әкімі Бауыр­­жан Байбек ашты. Ол Ас­тана қа­ла­сының рөлі ерекше екенін атап өтіп, елорда елі­міз­дің же­тіс­тігін, болашаққа ұм­­ты­лы­сын айқындайтынын жет­кіз­ді. «Бар­лық қазақстандық жақсы көретін Алматы – ел тарихына тәуелсіздіктің алтын бесігі ретінде енді. Пре­зи­денттің тұрақ­ты қам­қор­лы­ғының ар­қа­­сын­да Алматы заманауи ме­га­по­­лис­ке айналып, еуропа қа­ла­­ла­рымен бәс­екеге түсе алатын дең­­­г­ейге жетті. Алматының Ас­та­­на­дағы мәдени күндері аясында біз сіздерге еліміздің бай мәдени мұрасын ұсынамыз», деді қала әкімі.

Ол Президенттің халық­аралық жоғары мәр­тебесінің ар­қасында ЭКСПО-2017 көр­ме­сінің Астана­да өт­кізіліп жат­қа­нын айтты. «ЭКСПО-2017 – бұл заманауи тех­­но­логия мен ин­вес­тиция тар­ту ға­на емес, сонымен қатар са­на­ны өзгер­ту, инновациялық ойлау­­­ды қа­лыптастыру. ЭКСПО – Елбасы ұсын­ған рухани жаң­­ғырудың бір жобасы», де­ді Б.Байбек. Ол өз сөзінде ха­лық­­ара­лық көрме аясында өткізіліп жат­қан мәдени күндер барысында, яғ­ни 11-19 маусым аралығында 400-ден астам алматылық әртіс өз өнерлерін тарту ететінін хабарлады.

Солайша мәдени күндер «Алматыдан махаббатпен» атты кон­цертпен басталды. Кон­­це­рт­те «Досмұқасан», «Жігіт­тер», «Кешью» топтары, Роза Рым­ба­е­ва, Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сә­­ду­­а­қа­сова, Маржан Арапбаева, Ай­қын Төлепберген, Луина сынды елімізге танымал өнерпаздар ән шырқады. Ал Алматының мемлекеттік қу­ыр­шақ театры Қ.Қуанышбаев атын­дағы қазақ му­зыкалық драма те­атрында күні­не екі рет қазақ және орыс тіл­дерінде «Құлыншақ пен бөл­тірік», «Көңілді аюлар» атты спектакльдерін қоятын болады. Сондай-ақ, «Алматының этно­­ауылы» көрме-жәрмеңкесі, «Саз­­ген сазы» фольклорлық-эт­но­­графиялық ансамблінің жә­не «Асқар таулы Алматы» кон­церт­те­рі көрермендерге тарту етіледі.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»