Аймақтар • 13 Маусым, 2017

Петропавлда «Мен қазақпын» жобасының іріктеу кезеңі өтті

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Қазақстан» РТРК АҚ ұйымдастыруымен «Мен қазақпын»  халықаралық музыкалық жобасының іріктеу  кастингі өтіп, 22 үміткер өз бақтарын сынады.

Петропавлда «Мен қазақпын» жобасының іріктеу кезеңі өтті

«Еліміздің барлық аймақтарын қамтитын жоба мақсаты – жастар арасында  ұлттық музыканы насихаттау. Оған қатысушыларға ұлттық үлгіде  киіну,  домбыра, қобыз, сырнайға қосылып, терме, күй орындау талап етіледі. 18 бен 40 жас аралығындағы адамдар қатыса алады. Ең бастысы өздерін ұлттық нақышта таныта білулері керек», деді облыстық  мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының бөлім жетекшісі Тұрсынай Молдахметова.

Мега-жобаны ұйымдастырушылар Айыртау, Есіл, Қызылжар аудандарында болып, көрікті жерлермен, тарихи орындармен танысты.     

Жұртшылық «Абылайхан резиденциясы» музей кешені алдында « Жеті қасиет» атты қойылымды тамашалады.

Өңір жеңімпаздары республикалық телевизиялық конкурсқа қатысып, түрлі аталымдар бойынша өнерлерін ортаға салады.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»