«Ірі оқиғаларды қамтитын «Көшбасшы жолы», «Астана» және «Томирис» фильмдеріне түсуге өтініш білдірген үміткерлерге алғашқы кастинг мамыр айында Астанада жарияланған болатын. Енді аймақтарды аралаудағы басты мақсат – талантты жастарды іздестіріп табу. Олардың сыртқы келбетімен қатар қабілет-қарымы, өнері де жан-жақты сарапқа салынатын болады. Эпизодтық рөлдерге де актерлер қарастырылады», дейді «Sataifilm» компаниясының директоры Жайна Әбдиева.
Еліміз бойынша кастинг жаздың аяғына дейін ұйымдастырылып, одан әрі болашақ кинофильмдерге актерлер іріктеледі.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»