Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Журналистер арасында футболдан жарыс өтеді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналистер күніне орай 24 маусымда Астанадағы Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өтеді. Шараны ұйымдастырушы Астана қаласының  ішкі саясат басқармасы.

Журналистер арасында футболдан жарыс өтеді

Еске сала кетейік, өткен жылы бас жүлдені «Қазақ радиосы» қанжығасына байласа, күміс жүлдені  «Хабар» телеарнасы,  қола медальды  «Қазақстан» телеарнасы  еншілеген болатын.  

Жарыс жеңімпаздарына  бағалы сыйлықтар мен  марапаттаулар, арнайы кубоктар  күтіп тұр. Жарысқа қатысу үшін төмендегі мекенжайға хабарласа аласыз. [email protected], 56-67-06