Бар ғұмырын еліміздегі білім мен ғылымның дамуына арнаған Ғалымжан Жұмабайұлын еске алу шарасына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, абзал азаматтың өмір жолы, адамгершілік қасиеті, кәсіби біліктілігі әркез үлгі болып қалатынын айтты.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Әнес Бисенұлы, ақын-жазушы Қадыр Жүсіп естеліктерімен бөлісті.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатынан соң Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде профессор Ғ. Нұрышевты еске алуға арналған «Жақсының жарығы өшпейді» атты дөңгелек үстел өтті.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»