Аймақтар • 13 Маусым, 2017

Атырауда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Парламент Сенаты депутаттығына Атыраудан 3 үміткер тіркелді», деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев.

Атырауда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды

Олар: облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, «Қарабура» шаруа қожалығының басшысы Қаршыға Жауымбаев және «Достан ата» шаруа қожалығының басшысы Сейітжан Балжігітов. Екі кандидат өзін-өзі ұсынса, Ғұмар Дүйсембаевтың кандидатурасы Индер аудандық мәслихаты мен облыстық мәслихаттың шешімі негізінде ұсынылған. Сенат депутаттығына үміткерлер мен өкілдеріне тіркелу куәліктері тапсырылды.

«Биылғы сайлаудың ерекшелігі көп, – дейді Асау Ибрашев. – Сайлаушылар электрондық жүйе арқылы тіркеледі. Сайлаушылардың мониторингі онлайн режімде Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында көрсетіледі. Сенат сайлауына облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихаттардың 132 депутаты қатысады.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»