14 Маусым, 2017

Қазақстанда прокуратура бизнесті тексермейтін болады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Атамекен» ҰКП-ның IV съезі барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов прокуратура органдары бизнесті тексермейтінін айтты.

Қазақстанда прокуратура бизнесті тексермейтін болады

«Тексеру нәтижесіне сәйкес, бақылау-қадағалау қызметі қысқаруда. 7 жылдың ішінде тексерулер 5 есеге азайды. Прокуратура туралы жаңа заңға сәйкес, бизнесті тексеруден мүлдем бас тартпақпыз. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше жағдайлар болғанда ғана жүргізіледі», - деді Ахметжанов. 

Қазіргі уақытта тіркеу тәуекелдерді бағдарлауға арналған ІТ жүйеге көшірілуде. «Қамқор» деп аталатын мобильді қосымшаны іске қостық. Кәсіпкердің ұялы телефонына барлық мәліметтермен бірге тексеру туралы СМС хаттама келіп түседі. Барлығына қолжетімді тексеру картасы бар. Онда кімнің көп бұзушылыққа барғаны көрсетіліп тұрады», - деді ол.