Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстанға арналған 2017-2021 жылдардағы жаңа серіктестік стратегиясының жобасы талқыланды. Стратегия жобасында қаржы секторын нығайту, тұрақты өсімді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптандыруды жалғастыру, инфрақұрылымға инвестицияларды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімнің драйверлерінің бірі ретінде жеке капитал тарту мәселелері қамтылған.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін қайта реттеу, ауыл аумақтарын дамыту, климаттың өзгеруі, сондай-ақ туризм және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Азия даму банкінің вице-президенті В. Жанг ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталуына орай биыл қыркүйек айында Алматы қаласында өңірлік білім жетілдіру орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті, оның базасында зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстандағы институционалдық әлеуетті дамытуға жәрдем көрсетіледі.
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше