Үкімет • 15 Маусым, 2017

Сөз арқауы – серіктестік стратегиясының жобасы

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сөз арқауы – серіктестік стратегиясының жобасы

Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстанға ар­нал­ған 2017-2021 жылдардағы жаңа серіктестік стратегиясының жоба­сы талқыланды. Стратегия жоба­сында қаржы секторын ны­ғайту, тұрақты өсімді қолдау және жаңа жұмыс орын­дарын ашу мақсатында бәсеке­ге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптан­дыруды жалғастыру, инфрақұ­ры­лымға инвестицияларды қол­дау, кәсіпкерлікті дамыту және эко­номикалық өсімнің драйвер­лерінің бірі ретінде жеке капитал тарту мәселелері қамтылған. 
Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін қайта реттеу, ауыл аумақтарын дамыту, кли­маттың өзгеруі, сондай-ақ ту­ризм және энергетика сала­лар­ындағы ынтымақтастық мәсе­лелері талқыланды. Азия даму банкінің вице-президенті В. Жанг ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқ­талуына орай биыл қыркүйек айында Алматы қаласында өңірлік білім жетілдіру орталығын ашу жос­парланғанын атап өтті, оның база­сында зерттеулер жүргізіледі, сон­дай-ақ Қазақстандағы инсти­туцио­налдық әлеуетті дамы­туға жәрдем көрсетіледі.