Үкімет • 15 Маусым, 2017

Транзиттік әлеуетті дамыту талқыланды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Сирил Мюллермен кездесу өткізді.

Транзиттік әлеуетті дамыту талқыланды

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қа­зақ­станның Үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында Қазақстанда экономиканың жаңа моделін енгізу мәселелері ортақ әңгімеге негіз болды. Тараптар экономиканы ырықтандыру, бизнес пен аграрлық секторды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, әр жобаның экономикалық тиім­ділігі тұрғысынан білім беру және денсаулық сақтау сала­ларын жетілдіру бойынша бірлес­кен жобаларды іске асыру барысын талқылады.
Сондай-ақ, Б.Сағынтаев пен С.Мюллер 2018 жылға жос­парланған инфрақұ­ры­лым­дық жобаларды және 2020-2022 жылдарға арналған ынты­­мақтастық жоспарларын талқы­лады.
Әңгіме барысында еліміздің транзиттік әлеуеті мәселесіне ерекше маңыз берілді. С. Мюллер Қазақстанның географиялық орналасқан жерінің тиімді екеніне назар аудара отырып, елі­міздің транзиттік өткізу қабілетін арттыру қызмет көрсету сала­сына, қазақстандық тауарларды өткізуге және жаңа жұмыс орын­дарының ашылуына септігін тигізетінін атап өтті.