Бұл шара Орталық сайлау комиссиясының «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулысының негізінде жүзеге асырылды.
Аталған қаулыға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша ТМД-дан Байқаушылар миссиясының құрамында 40 байқаушыны, шет мемлекеттерден 14 байқаушыны аккредиттеді. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 мемлекеттен, сондай-ақ, сайлауды байқауға қатыса алатын шетелдік БАҚ-тардың 116 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2017 жылғы 22 маусымға дейін жалғастырып, жүзеге асырады. Осы мәселелер жөнінде айтқан сөзінде Ортсайлауком мүшесі М.Сәрсембаев сайлаудың жанама болғанына қарамастан, сайлау науқанына деген қызығушылықтың жоғары екенін атап көрсетті. Аккредиттеу процесі жалғасып жатыр.
«Егемен-ақпарат»