Мектеп жанындағы лагерьлерден бөлек, жергілікті «Арай», «Жас өрен», «Бесікті», Железновод қаласындағы «Қазақстан геологы» лагерьлері оқушыларды қабылдайды. Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мен үздік оқушылар «Машат-Арасан», «Бөбек», «Балдәурен» демалыс орындарына барады. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған 40 бала демеушілер қаражатымен Италияға саяхаттайды.
«Жазғы демалыстағы іс-шаралармен оқушылардың 98 пайызы қамтылады», дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова. – Биыл мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылардың ағылшын тілін терең меңгеруіне мән беріледі. Бұл жұмыстарға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінің студенттері тартылып отыр». Ал Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Атырау облысынан 11 500 оқушы, 1500 студент және 2000 мұғалім барып, маңызды шараны тегін тамашалайды.
Бақытгүл Бабаш,
«Егемен Қазақстан»
Атырау