01 Қазан, 2011

Құрыққа құбыр керек

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Маңғыстау облысындағы аудан орталығы Құрық ауылына су құбыры Ақтау қаласынан тартылмақ. Құбырдың ұзындығы 70 шақырымды құрайды. Бұл жобаны «МАЭК-Қазатом өнеркәсіп» акционерлік қоғамы келісім-шарт арқылы іске асыратын болады. Ауыз сумен тұрғылықты халықты «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммунал­дық кәсіпорны қамтамасыз етеді деп белгіленген. Бүгінгі күні тиісті құжаттар толықтай жиналып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне тапсырылған. Енді ел Үкіметі жоғарыда көрсетілген аудан орталығын 2012 жылдың бюджетін нақтылау кезінде, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге мемлекеттік жәрдем қаржы алатын елді мекендердің тізіміне енгізе отырып, қаражат бөлу мәселесіне ықпал етсе, үлкен сауапты іс атқарғаны болар еді. Өйткені, таза ауыз су – денсаулық кепілі деп тегіннен айтылмаса керек. Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ, Сенат депутаты.