Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов пен «Fortebank» АҚ-ы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов екеуара әңгіме барысында жергілікті бағдарламаларды жүзеге асырудың келелі мәселелерін ортаға салды. Оның ішінде екінші дәрежелі банктердің қаржыландыру мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Біз ашық іскерлік байланыстарға әркез әзірміз. Бұл бағытта кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі», деді Құмар Іргебайұлы.
М. Әуезов өз сөзінде банктің кредиттік портфелі 6,5 миллирад теңгені құрайтынын, озық жобалар бірінші кезекте қамтылатынын жеткізді. Оның бір мысалына облыс орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан теннис кортын атады. Мұндай әлеуметтік қарым-қатынастар одан әрі жалғасады.
Қос тараптың сындарлы кездесуінен кейін өзара ынтымақтастық көкжиегін одан әрі өрістеру туралы меморандумға қол қойылды.
Петропавл қаласында банктің филиалы ашылып, тұрғындарға бірнеше қызмет түрлері ұсынылды.
Бүгінде банктің облыс бойынша 23 мыңнан астам тұтынушысы бар.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».