Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының қазіргі ахуалын, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Мемлекеттік хатшы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына 32 мың адамды қамтитын поляк диаспорасы өз үлесін қосып отырғанын айтты.
Гүлшара Әбдіқалықова Польша тарапына «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, осы елдің баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.
***
Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Қазақстанға «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы поляк диаспорасы күніне қатысу үшін келді.